Бүгінде Шымкенттің аумағы үлкеюіне байланысты қаланың ішкі жолына айналған А-2 «Алматы – Ташкент» автомобиль жолына қайта құрылымдау жүргізіліп жатыр. Оның шаһар аумағындағы техникалық-экономикалық көрсеткіші бойынша жалпы ұзындығы 31,6 шақырым құрайды.
Құрылыс мерзімі 2018-2024 жылдар аралығына жоспарланған бұл жолдың жобалаушы мекемесі «ШымкентКазДорПроект» және «ИгілікСтройПроект» мекемелері. Жалпы, жобаны іске асыру 8 кезеңнен тұрады:
1-кезең. Қ.Төлеметов көшесінен Ынтымақ шағынауданына дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,75 шақырымды құрайды. Автомобиль жолының ені 80 метр, 6 жолақты, жолдың екі жағынан да су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар көзделген. Жер жұмыстары, жол негіздерін төсеу, жол жамылғысын салу, кәріз жүйесінің ауыстыру, аяқжол салу, жарықшам бағаналарын орнату, арық жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілді. Жұмыс 2021 жылдың соңына біту жоспарланған, қазіргі уақытта 90% жұмыс атқарылды. Мердігер «Отау Строй» ЖШС.
2-кезең. Ынтымақ шағынауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайды. Автомобиль жолының ені 80 метр, 4 жолақты, жолдың екі жағынан да су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар көзделген. Қазіргі уақытта жұмыс 60% орындалған, 2022 жылға аяқтау жоспарлануда. Мердігер «Отау Строй» ЖШС.
3-кезең. Жанаталап елді мекеніне бұрылыстан кейінгі Бадам өзенінен өтетін көпір жүйесі 100% аяқталған.
4-кезең. Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайды. Автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты, жолдың екі жағынан да су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар көзделген. Құрылыс жұмыстарын жылдың аяғына дейін бітіру жоспарда бар. Мердігер «Базис-К» ЖШС.
Биыл құрылыстың 5, 6, 7, 8 кезеңдерінің жұмысы жүріп жатыр.
OpenKZ- Ақпарат