АУЫЛ ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

Түркістан облысы Келес ауданының Абай ауылында мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында баскетболдан спорттық жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатында Абай ауылының әкімі Ерғали Тастемірұлы құттықтау сөз арнап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық шараның жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің спортпен жүйелі айналысуына ықпал етуді мақсат етті. Ойынға 6 команда қатысты. Аса тартысты өткен спорт сайысының қорытындысы бойынша ІІІ орынды №4 Ж.Баласағұн атындағы орта мектебінің командасы, ІІ орынды №7 жалпы орта мектебінің спортшылары, I орынды №5 жалпы орта мектебінің оқушылары еншіледі. Жеңімпаз команда Абай ауылы әкімінің ауыспалы кубогымен марапатталып, жарыста ерекше көзге түскен ойыншылар “Үздік шабуылшы”, “үздік қорғаушы”, “үздік ойыншы” аталымдарына ие болды. Жеңімпаз командаларға демеушілік тарапынан сыйлықтар табысталды.

Сондай ақ, алдағы уақытта жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу, жастарға дұрыс тәрбие беру мақсатында спорттың басқа түрлерінен сайыстар ұйымдастыру жоспарлануда.