Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы №10 колледжінің жаңа оқу корпусының құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталып, пайдаға беріледі. Бүгінгі таңда жоспарланған жұмыс көлемінің 85 пайызы орындалған.
Жалпы, нысан құрылысы кестеден кешігуіне байланысты бұған дейін жауапты мердігерге бірнеше ескертулер беріліп, айыппұлдар салынған болатын. Соның нәтижесінде анықталған кемшіліктер ретке келтіріліп, құрылыс жұмысы жандады. Жаңа ғимаратта 300 орындық оқу корпусы, 200 орындық асхана, 200 орындық думан залы және спортзал қарастырылған. Нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталған болатын.
Сондай-ақ, мегаполистегі №72 мектептің жаңа оқу корпусының ғимараты да аяқталуға жақын. 375 орынға лайықталған нысан 3 қабатты 2 блоктан тұрады. Ғимарат құрылысы жыл соңына дейін 100% аяқталып, пайдалануға берілмек. Бұл білім ошағындағы сынып бөлмелерінің артуына, білім сапасының жақсартуға, оқушылардың үйірмелер мен қосымша сабақтармен қамтылуына мүмкіндік береді. Жаңа ғимараттың салынуына байланысты 30-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылғалы отыр.
Шаһарда, сонымен қатар, №12 спорт мектебінің жанынан қосымша ғимарат соғылуда. Сайрам тұрғын алабындағы спорт мекемесінде енді 252 бала еркін жаттығу жасай алады. Сондай-ақ, түрлі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік жасалмақ. Кешен ғимараты 3 қабаттан тұрады. Жертөледе пауерлифтинг оқу-жаттығу залы, ауыр атлетика оқу-жаттығу залы, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі қарастырылған. Бірінші қабатта вестюбиль-фойе, күзетші бөлмесі, киім бөлмесі, 18 орынға асхана, 210 орынға көрермендер трибунасы бар әмбебап спортзал, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі, медпункт болады. Ал екінші қабатта холл, демалыс орны, бокс, күрес, бадминтон спорт түрлерінен оқу-жаттығу залдары жасақталады. Спорт мектебі жанынан салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылысы келер жылы аяқталмақ. Құрылылыс нысаның сапалы болуын жауапты мекмелер жіті қадағап отыр.
Мұнан бөлек, Қайтпас-1 ықшам ауданындағы №72 орта мектептің де жанынан биыл қосымша оқу ғимарат тұрғызылып жатыр. Өйткені оқушы санының күн санап артуы білім ошағындағы ауысым санының көбейіп кету ықтималдылығын туыдырып отыр. 375 орынға лайықталған нысан 3 қабатты 2 блоктан тұрады. Алдағы уақытта 30-ға жуық қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.