БАРЛЫҚ САЛАДА ДАМУ БАР

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-даму қорытындысы бойынша  Шымкент қаласында барлық сала бойынша оң динамика сақталғанын айтты.

Атап айтқанда:

Мегаполисте жыл басынан бергі өнеркәсіп өнім көлемі 583,2 миллиард теңге жетіп, нақты көлем индексі 107,1 пайызды құраған. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің үлесі  108,7 пайыз болып отыр.

Сондай-ақ, шаһарда инвестиция көлемі 276,2 миллиард теңге болып, 31,1 пайызға артты отыр.  Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 68,9 миллиардтеңге, жеке көздерден 207,3 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Қала аумағында соңғы үш жылдың ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен  құны 1,8 миллиард доллар болатын тоғыз инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. Бұл бағыттағы  жұмыстар әлі де жалғасуда. «Shymkent City» жобасы бойынша 2026 жылға дейін қала қазынасына 432 миллиард теңгенің инвестиция қаржысы құйылмақ. Нәтижесінде аумағы 1,6 миллион шаршы метр болатын 27 мың 500 пәтер салынады. 300 көпқабатты тұрғын үй бой түзейді.  Осылайша аймақ экономикасы мен халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілмек.

Шымкентте құрылыс жұмыстарының көлемі де  артты. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 426,8 мың шаршы метр болды. Бұл межеленген жұмыстың  123,0 пайызға артығымен істелегін ағақтайды

Биыл қаланың жалпы сауда көлемі 1 140,1 миллиард теңге болып, нақты көлем индексі 11,4 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 355,4 миллиард теңге, нақты көлем индексі 112,4 пайыз, көтерме сауда 777,1 миллиард теңге, 110,7 пайызға жеткен.

Үкімет басшысы Шымкентте байланыс қызметінің  5 427,6 миллион  теңгеге немесе 4,5 пайызға артқанына да тоқталды. Цифрландыру бағытында да көрсеткіш жоғары екеніне тоқталды. Шымкент қаласы бұл  сала бойынша республикада Нұр-Сұлтан, Алматыдан кейінгі үшінші орында деді ол.