БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ЖИНАЛАДЫ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Шымкенттік шаруалар биыл көктемде 30 мың гектар алқапқа егін екті. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда 0,7 мың гектарға  артық. Егілген егіннің ішінде әсіресе мал азықтық дақылдардың үлес салмағы басым. Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметке сүйенсек игерілген жалпы жердің үштен біріне төрт түліктің азығына қажетті тұқым себілген.

Сонымен қатар, биыл қала аумағында майлы дақылдар мен бақша өнімердерін көптеп егуге басымдық беріліпті. Бүгінде шаһарда көктемгі егін науқаны аяқталған. Шымкентте биыл 90,1 мың тонна ауыл шарушалығы өнімі жианалады деп күтілуде.  Бүгінгі таңда 5,2 мың тонна көкөніс және 6,1 мың тонна мал азықтық шөп жиналды.

Биылғы көктемгі дала жұмыстары үшін 2000 тонна жанар жағармай бөлінген. Шарулар сұйық отынның литрін жеңілдетілген бағамен, яғни 189-теңгеден алды. Ал, қара күзде тағы 1000 тонна жанар жағармай беріледі, деп күтілуде. Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2022 жылға көктемгі және күзгі дала жұмыстарына қажетті жеңілдетілген бағада берілетін жанар-жағармай  таратушы  операторлар анықталып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен келісім-шарт жасап, жанар жағармайды арнайы вагондармен сатып алуда. Осыған сәйкес, Шымкент қаласы бойынша қажетті жанар-жағармайды таратушы операторлар  «Sapaly Munai» ЖШС, «АЗК Алмаз» ЖШС арқылы көктемгі дала жұмыстарына шаруалардың өтінімдеріне сәйкес жеңілдетілген бағамен литріне 189-теңгеден 300,4 тонна жанар жағармай босатылды (көктемгі-2000 тн., күзгі-1000 тн.).

Биылғы жылы өнімділікті арттыру мақсатында жергілікті шаруаларға минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау үшін – 122 млн 146 мың теңге бөлініп отыр. Ал, тұқым шаруашылығын дамытуға 20 млн 480 мың теңге қарастырылыпты. Өткен  жылмен салыстырғанда қаржыландыру 12%-ға артқан.