«ДОСТЫҚ» САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Қаратау ауданына қарасты «Достық» шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту өзекті мәселенің бірі болатын. Бүгінде электр тарату бекетіне керекті жабдықтар орнатылды. Бұл жөнінде Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының фейсбуктегі ресми парақшасы бөлісті.

Бүгінде шағын ауданның тұрғын үйлері арасымен темірбетонды бағаналары толық орнатылған. Қазіргі уақытта электр желісін жалғап қосу, қосылу көзіне кабель желісін жалғау жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұған қоса, 13 дана электр трансформаторларын орнату жұмыстары және 7 шақырым 10 кВ кабель желісін тарту жұмыстары атқарылып жатыр.

Бүгінгі күнге дейінгі уақытта құрылыс жұмыстарының 83%-ы аяқталды. Алдағы қараша айында абоненттеу жұмыстары жүргізілмек. Сапалы электр қуатымен қамту үшін 8 нысанда құрылыс жұмыстары қарқын алған. Жыл соңына дейін шымкенттіктердің 99%-ы сапалы электр қуатын тұтынатын болады.

Достық шағын ауданының халқы енді газдан тапшылық көрмейді дейді тиісті салаға жауапты басқарманың фейсбук парақшасы. Шымкент қаласының басшылығы жергілікті халықпен жүздесіп, атқарылған жұмыстарды тексерді. Бұл кездесуге қоғам белсенділері, ауыл билері мен Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов те қатысқан.

Бұл шағынауданда былтырғы 2021 жылдың желтоқсан айында 46,06 шақырымға газ жүйесі тартылған болатын. Көгілдір отынмен қамту үшін АГРС-3 нысанының іске қосылуы күтілді. Енді міне, көптен күткен жұмыс толық аяқталып, «Достық» шағынауданына газ беріліп жатыр. Құжаттары дайын үйлерге газ қосылып басталды. Қалған тұрғындар да от жағу маусымы басталмай жатып құжаттарын әзірлеп үлгерсе, көгілдір отын көзіне қосылып қалатын күн жақын.

Жалпы, Достық шағын ауданында 2686 үй, нақты 15 750 тұрғын бар. Абонемент саны: 2 625. Мердігер мекеме «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-гі жобаны 957,838 млн. теңгеге атқарып, жұмысты мерзімінде аяқтады.