ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ТҮГЕНДЕГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ АЙНАЛЫМҒА ЕНДІ
-
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
«Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті: тарих және сабақтастық» бағыты бойынша әдістемелік құрал колледждердің, жоғары оқу орындарының гуманитарлық цикл пәндерінің оқытушыларына арналған, сондай-ақ құзыретіне тәрбие жұмысы кіретін оқу орындарының қызметкерлері кеңінен қолдана алады. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында дәстүрлі қазақ мәдениетін зерттеуді насихаттау мақсатында жастар ұйымдарының белсенді қатысушыларына оқу құралы ұсынылды.
Құрал этнографтардың еңбектеріндегі қазақтардың дәстүрлі мәдениеті жөніндегі бөлімді, ұлттық мәдениетті зерделеуді өзектендіру және дәріптеу бөлімін (практикалық ұсынымдар), сондай-ақ қосымшаларды қамтиды.
Әдістемелік құрал «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» жобасын іске асыру шеңберінде әзірленді.