ЕЛБАСЫНЫҢ ТАРИХИ ШЕШІМІ АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРДІ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

2018 жылдың 6 маусымында ҚР тұңғыш Президенті, “Nur Otan” партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы жарлық шығарып, Келес өз алдына дербес аудан болып қайта құрылған болатын. Осыны негізге алып 2018 жылдың 10 шілдесінде облыстық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессиясы өтіп, оның шешімімен Келес ауданы аумағы 345 мың 120 гектар болып белгіленді.

Араға 16 күн салып яғни 20 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарған.

Келес ауданының әкімшілік орталығы болып Абай ауылы белгіленді.

Елбасымыздың бұл тарихи шешімі дер кезінде әрі дұрыс қабылданғаны жұртшылықты қуантты. Өйткені, бүгінде жаңадан құрылған ауданның бюджеті жыл санап артып келеді. Келес ауданында қордаланып қалған бірқатар экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешілуде. Әсіресе, білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылым жүйелері атап айтсақ, ауыз су, газдандыру, жол салу жұмыстарына жаңа серпін берді.

Келес ауданының орталығы Абай елді мекені де жаңаша кейіпке еніп келеді. Республикалық маңызы бар жол бойындағы бейберекетсіздіктер де реттеліп, аудан орталығынан бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілуде. Әсіресе, халықты сапалы ауыз сумен қамту, елді мекендерге газ тарту, ағын су жеткізу секілді жұмыстар жүргізілуде.

Барлық құрылыс нысандарына “Nur Otan” партиясы Келес аудандық филиалы тарапынан жіті бақылануда.