ЕРІКТІ ЖАСТАР ТОБЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫНА КӨМЕКТЕСПЕК
-
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Өрттен зардап шеккен Қостанай облысы тұрғындарына көмектесу үшін шымкенттік мыңнан аса жас еріктілер тобына қосылды. Олар гуманитарлық көмек жинаумен бірге, аймаққа аттанып құрылыс жұмыстарына қолғабыс етпек.
Еркебұлан Қойбағар апта басынан бері жастар орталығында. Университеттегі оқуынан шыға сала осында келіп, қолғабыс жасайды. Гуманитарлық көмек ретінде келіп жатқан заттарды түсіріп алып, қоймаға жинайды. Сабақ кезінде өзге қатарластыран да осы іске үгіттейді.
– Мен Арыс қаласының тұрғынымын. Кезінде бізде де төтенше жағдай болған кезде еліміздің барлық аймағы жұмылып, көмек қолын созды Соныдақтан мен бұл ісімді адамдық борышым деп сезінемін. Сондықтан барлық қолдан келген мүмкіндікті пайдаланып, көмектесіп жатырмыз,-дейді «Мирас» университетінде оқитын Еркебұлан Қойбағар.
Еркебұлан секілді 50-ден астам жас көмек жинау пунктіне күнде келіп, ізгі іске көмектеседі. Мұнан бөлек орталықта психологиялық кабинет жасақталған. Білікті мамандар телефон арқылы күйзеліске түскен жандарға рухани демеу көрсетуде. Бүгінге дейін олардың көмегіне онға тарта адам жүгінген.
Жастар қазір үй-жай салуға қажетті заттар мен құралдарды жинауға күш салып жатыр. Сондай-ақ еңбек және құрылыс жасақтары сапында болған еріктілерден арнайы топ жасақталуда.
– Оның құрамында құрылыс мамандығында оқитын жастарымыз, сондай-ақ мұның алдындағы апатты жағдайларда сыналған, тәжірибесі бар жастар бар.. Қажет болса сол жастарымыз қостанайлықтарға көмек қолын созуға дайын,-деді Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мағжан Исахов
Шымкенттік жастардың көмегімен 3-4 күннің ішінде бір жүк машинесі болатын заттар жиналды. Ішінде көрпе төсек, азық түлік пен құрылыс заттары бар. Гуманитарлық көмек тиелген автокөлік бүгін кешкісін Қостанайды бетке алып, жолға шығуға қам жасап жатыр.