ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

            «Құндылыққа бағдар: Сапалы білім. Өзін-өзі бағалау және жаңа мүмкіндіктер» Шымкенттік педагогтердердің тамыз конференциясы биыл осындай тақырыппен өтті. Басқосуға мыңға жуық мұғалім қатысып, жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстар пысықталды.

           Конференцияға келген қауым әуелі жаңа оқу жылындағы жаңашылдар мен жаңа мүмкіндіктерден хабардар ететін арнайы көрмемен танысты. «Цифрлық білім беру платформалар», «Үздік педагогтер шығармашылығы, және «Әдістемелік шеберхана» аллеясы келген қонақтардың назарын бірден аударды.

Мегаполис оқушылары мен ұстаздары  биылғы оқу жылы ерекше жаңалықтармен бастағалы отыр. Биыл   апатты мектептер түгел жойылды. Ал үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға дейін азайды.  32 мектептің құрылысы басталып, соның 20-да қыркүйектен бастап қоңырау соғылмақ.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша шаһарда 2025 жылға дейін 68 мың 500 орындық 72 мектеп бой көтереді. Биыл білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасына көп көңіл бөлініп отыр. Мектептерді жабдықтауға 7 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралды. Оқу кабинеттерінің қажетті құралдармен қамтылуы небәрі 32 пайыз ғана. Сол себепті мектептер физика, химия, биология және робототехникаға арналған 278 арнайы пәндік кабинетпен жабдықталады.

Қазір елде білімді бағалау электронды журнал арқылы іске асырылуда. Осы орайда,  «Kundelik.kz» платформасының рөлі зор. Ал, миллионды шаһар мектептері бұл жүйені қолдануда өзгелерден оқ бойы озық тұр. Төрт бірдей алтын түймеге ие болды

             Тамыз кеңесінің негізгі бөлігінен кейін қала әкімі бірқатар ұстазға арнайы марапат тапсырылды. Саналы өмірін сапалы ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ұлағатты жандарға «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі табыс етілді.

             Биыл балалар үшін – айрықша жыл! Әкім Әйтенов балаға мейірімділік танытқан, қамқорлық жасаған, олардың өмірін қауіп-қатерден сақтаған үлкен жүректі жандарға бүгінгі алқалы жиында үлкен алғыс сезімін білдірді.