ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН ЖАҢА МІНДЕТТЕР

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
blog-single-image

Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру, оны іске асыру аясында Шымкентте бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Солардың бірі, үшінші шаhардағы «Карлскрона» ЖШС кәсіпорнының ұжымымен кездесу болып өтті. Іс-шараны «АМАНАТ» партиясының Шымкент қаласы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырды.

Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Талғат Балтабаев, Наргиза Керімбаева Мемлекет басшысының Жолдауындағы жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістер, жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін көтеру жөніндегі негізгі басымдықтарды атап берді.

– Мемлекет басшысы Жолдауда жаңа экономикалық бағдарымызды айқындап берді. Жаңадан кәсіп бастаушылар мен кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыздық мәселесін шешуде оң бетбұрыстар жасалмақ. Қазіргі таңда жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмысшыларға жағдай жасау, мамандар даярлауға көңіл бөлінуде. Нарықтық кезеңге сәйкес, шығарылған өнімдер де бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Жалпы Жаңа Қазақстанда өндірісті дамытуда бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын, – деді мәслихат депутаты Т.Балтабаев.

Айта кететін нәрсе, «Карлскрона» ЖШС сорғы жабдықтары мен құбыр арматуралары өндірісі жобасын жүзеге асырып жүрген іргелі мекеме. Бүгінде мекеме басшылары өндірісті кеңейту жобаларын қолға алған. Кездесу барысында кәсіпорын жұмысшылары депутаттарға өз ұсыныстарын да айтып қалды.