ЖЫЛЫЖАЙЛАРДАН ЖЫЛЫ ХАБАР

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында бүгінде  барлығы 113 жылыжай кешені бар. Жалпы көлемі 204 гектар.Соның   71 гектарында ауылшаруашылық өнімдері өсіріледі. Жылыжайлардан орта есеппен жылына 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс өнімдері жиналады. Шымкенттік дихандар  ішкі нарықты ғана қамтып отырған жоқ,  жинаған өнімдерін көрші елдерге де экспорт жасауды да қолға алған.

Қала тұрғындарына балғын көкөніс жеткізіп отырған кешеннің бірі – Бозарық тұрғын алабында орналасқан «Зауре» жылыжайы. Аумағы 3 гектарлы өндірістік жылыжай кешені 2020 жылы іске қосылған.  Жылыжай иесі «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» және тыңайтқыш құнын субсидиялау бағдарламалары бойынша мемлекеттен қолдау алғаннан кейін көкөніс өндіру ісіміз өркендеп, өнімділік артты, дейді.

Жылыжай Туркияның алдынғы қатарлы технологиясымен жабдықталған. Жылына 600 тонна өнім өндіріп отыр.  Қазіргі таңда агрокешенде 30-дан астам адам жұмыс істейді. Оның 20-сы тұрақты, 10-ы ауыспалы жұмыспен қамтамасыз етілген. Кәсіпкер осылай жұмыс орындарын ұсыну бағдарламасына да өз үлесін қосып отыр. Жылыжайда қызанақтың органза, мэрлис және тарелино түрлері өсіріледі.

Өнімдер қала нарығынан басқа, еліміздің солтүстік өңірлеріне тасымалданып отыр.

«Зәуре» шаруа қожалығы туралы: Жылыжай кешенін салу жобасы 2019 жылы жүзеге асырылды. Жалпы инвестиция көлемі 900 млн. тг. құраса, оның ішінен 700 млн. тг. жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етіліп, 175 млн. тг. мемлекет тарапынан субсидияланған. Сонымен қатар, аталған бағыттағы жылыжай өнімдерін бір орталыққа бірігу арқылы өзара кооперация құрып, тауарлы партия қалыптастырылып, делдалдардың қатысуынсыз Ресейге тікелей экспорттау жоспарлануда.