КЕЛЕСТІК БОЙЖЕТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай түрлі этнос жастары арасында өткен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауында Түркістан облысы, Келес ауданының атынан қатысқан Муаттар Адиханбаева жүлделі І орынға ие болды. Ол Тойды Бегманова атындағы орта мектепте химия пәні бойынша ұстаздық етіп келе жатқан жас маман.

Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Тіл комитеті Ш. Шаяхметов атындағы “Тіл-қазына” ұлттық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау қазақ тілінің қоғам өміріндегі рөлін күшейту, оның қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайтуды мақсат етті.

Онлайн режимде өткен байқауға республиканың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 21-35 жас аралығындағы жастар қатысты.

Байқауда үміткерлер 3 минуттық бейнебаян дайындап, қысқаша қазақ тілінде білім, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктерін баяндады. Екінші кезеңде әрқайсысы берілген тақырыпта ой толғады. Үшінші кезеңде байқау қатысушылары «Менің тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында эссе жазды. Қазылар алқасы, сондай-ақ, үміткерлердің тілді меңгеру деңгейі, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі, қазақ тілінде таза сөйлеуіне айырықша мән берді.

Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және де қаржылай сыйлықтармен марапатталды.