КЕЛЕСТЕ АҒЗАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

Түркістан облысы Келес аудандық АБАЙ ауруханасы тәулік бойғы 18 төсекке арналған «Қалпына келтіру және медициналық оңалту» бөлімшесі 2020 жылдың 17 наурызда ашылған. Мұнда «неврология және нейрохирургия», «травматология және ортопедия», «кардиология және кардиохирургия» бейіндері бойынша жедел инсульттен, миокард инфарктінен, жарақаттанудан және ми мен жұлынға хирургиялық араласулардан, ірі буындарды эндопротездеуден кейінгі 9-айында науқастарға медициналық оңалтудың екінші кезеңі жүргізіледі.

Мультитәртіптік, кешендік және жеке даралық тәсіл бөлімшенің негізгі принциптері болып табылады. Мұнда білікті, невропатолог, ортопед- травматолог, кардиолог, оңалту дәрігері, логопед, емдік дене шынықтыру нұсқаушыларынан құралған мультитәртіптік топ мамандары науқастарды түскен сәттен бастап тексеріп, мәселелерді анықтайды, оңалту мақсаттарын қойып, оңалтудың жеке жоспарын құрайды.

Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың негізгі әдістері кинезотерапия (емдік гимнастика), тыныс алу жаттығулары, физиотерапия және массаж ем шаралары, оңалту жабдықтары (механотерапия) бойынша сабақтар, логопед сабақтары өткізіледі.

Ол үшін бөлімшеде науқастарға толыққанды медициналық оңалту жүргізуге жамбас және тізе буындарын жетілдіруге арналған тренажёры, шынтақ пен иық буынының буындары мен бұлшықеттерін дамытуға арналған иық жаттығу тренажеры, қалпына келтіру жүйесі, және басқа оңалту құралдарымен жабдықталған жеке жаттығу бөлмесі, массаж, логопед бөлмелері жұмыс істейді.

Бөлімше физиоемдеудің электротерапия, магнитотерапия, ультрадыбыстық терапия, ем-шаралар және бұлшықетті электрлік стимуляциялау жұргізу үшін қажетті құрал- жабдықтармен қамтылған.

Көрнекі фотосурет ашық интернет көздерінен