КӘСІПОРЫНДАР МЕН КОЛЛЕДЖ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ТҮЗІЛДІ
-
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі жаңа оқу жылында нысаналы грант бойынша 200 баланы оқытуды жоспарлар отыр. Оған мемлекет тарапынан мақсатты гранттар бөлінген. Осыған байланысты оқу орны мен кәсіпорын және талапкер арасында меморандумға қол қойылды.
Мемлекет бөлген мақсатты гранттардың ерекшелігі 9 – 11 сынып түлектерінің аттестат баллдарын қажет етпейді. Бар болғаны әңгімелесуден өтсе болды. Талапкер өзі қалаған мамандығы бойынша колледжде білім алып, сонымен қатар кәсіпорында 3 жыл бойы тәжірбиеден өтеді. Мұндай бастаманың кәсіби кадрлерді дайындауда маңызы зор,- дейді жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің директоры Гүлмира Тағаева.
– Білім ордасында жалпы 105 педагог жұмыс істейді. Оның 65-і оқытушы, 40-ы өндірістік оқыту шеберлері. 30-ға жуық ұстазымыз шетелдерде тағылымдан өткен білікті мамандар. Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі тоқыма өндірісі және тігін өндірісі мен киімдерді үлгілеу мамандығы бойынша талапкерлерге білім береді,-деді колледж директоры.
Колледж бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы 12 ірі кәсіпорынмен келісім шартқа отырған. Солардың бірі «Гаухар» тігін фабрикасы бүгінде 30 студент қабылдап отыр. Мекеме өкілдері мақсатты гранттардың кәсіпорынға да берер пайдасы мол екенін айтады. Себебі 3 жылға жуық тәжірбиеден өткен, өндірістік технологияны жетік меңгерген, кәсіпорынның тыныс тіршілігімен толық танысып үлгерген студенттер оқуы аяқталысымен дайын маман болып шығады дейді. Мұндай жас маман оқуын аяқтаған соң бірден кәсіпорынға жұмысқа қабылданады.
Қазіргі уақытта кәсіпорындармен колледж бірігіп білім беру бағдарламаларын әзірлеуде. Түлектер оқуға түскен жағдайда кәсіпорындар еңбек шартын жасасу арқылы өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.