МЕГАПОЛИСТІҢ МЫҢ САН МӘСЕЛЕСІ БАР

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
blog-single-image

Мегаполис немесе метрополис — бірнеше миллион тұрғыны бар инфрақұрылымы дамыған ірі қалалар немесе қала агломерациясы. Оларды урбанизацияның жаңа нысандары деп санауға болады. Бұл ел немесе аймақ үшін маңызды экономикалық, саяси және мәдени, сондай-ақ аймақтық немесе халықаралық инфрақұрылым үшін де маңызы зор орталық.

Ежелгі грек тілінен ( мкητρόπολις ) «ана қаласы» дегенді білдіреді (бұрын колониялардың орталығы немесе қоныс аударатын орындар деп аталған). Кейінірек олар оны белгілі бір аймақтың (кейде қызмет) орталығы немесе елдегі кез-келген үлкен, маңызды қала деп атай бастады. Кейінірек грек сөзі “ έγέγαπολις (үлкен қала) пайда болды. Қазір миллионнан астам халқы бар қала метрополия деп аталады.

Шымкент Қазақстандағы үшінші мегаполис. Осылай атап жүрміз. Бұрынғы облыс орталығының құрамына жақын аудандардан бірқатар елдімекендер қосылғаны белгілі. Солардың бірі Айнатас тұрғын алабы.  2014 жылы Түркістан облысының Төлеби ауданынан Шымкент қаласының әкімшілік-шекаралық аумағына енді .

Бүгінге дейін қандай жұмыстар жүргізілді?

Елді-мекендегі басты көшелерге аялдамалар орнатылып, қалаішілік қоғамдық көлік жүргізілді.

2019 жылы тұрғын алапты сапалы электр қуатымен қамту мақсатында 254 тұрғын үйге арналған ескі электр желілері мен трансформаторлар жаңартылып, бетон бағаналар орнатылды.

Жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында 1-дана ашық спорт алаңшасы салынды.

Ағымдағы жылы тұрғын алаптағы  орталық  Айнатас көшесіне 2,3 шақырым жарықтандыру шамдары орнатылды.

Елді-мекендегі 13-көшенің 2-і (Шоқтас, Орталық) қала аумағына қосылғанға дейін асфальтталған болса, қалаға қосылғаннан кейін осы 2-көше қайта жаңартылып, аяқ жолдар салынды. Одан бөлек,  11-көшеге  шағал тас төселді.

Алда қандай жұмыстар жүргізіледі?

Тұрғындардың ұсынысына сәйкес “Халық қатысатын бюджет” жобасының аясында #126 мектеп жанында балалар ойын алаңшасы құрылады.

Ағымдағы жылы шағал тас төселген көшелердің  10-көшесін асфальттау жоспарда бар. Қазіргі таңда мердігер мекеме «ПРОФИЛЭНД» ЖШС-і Бесқұлан, Сарыөзен, Құмтөкей, Ақшығанақ көшелеріне асфальт жабынының бірінші қабатын  төседі. 6-көшеге асфальт қабатын төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын алапта қалған 1-көшені (Бұғылысай) асфальттау 2023 жылға жоспарланған, жыл қортындысымен асфальтталған жолдардың үлесі 100 пайызға жетеді.

Айнатас тұрғын алабының халық шоғырланған негізгі аумағы ағымдағы жылы инфрақұрылыммен толық қамтылады. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан жаңақұрылыс аймағындағы 5 үй мен 12 жер учаскесін сапалы электр қуатымен және орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалар (ПСД) әзірленді құрылыс жұмыстары  2024 жылы жүргізіледі. Сонымен қатар, 17-абонентті табиғи газбен қамту үшін 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Жалпы тұрғын алаптың инженерлік жүйелермен қамту көрсеткіші 93,3 пайызды құрайды, 2024 жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіштер 100 пайызға жеткізіледі.

Бұл мегаполис маңындағы ауыл-аймаққа қатысты. Ал, Шымкенттің өзінде көшелерді қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.  Бүгінге дейін жалпы 20 мың шаршы метр ойық-шұңқырлар жабылды.

Еңбекші ауданы аумағындағы Түрген көшесі жөнделіп,  Достық шағын ауданымен араны жалғап тұр.

Қаланың магистральді көшелерінде жұмыс аяқталып, қаланың ішкі орам көшелерін жөндеу жұмыстары басталып кетті.