«МЕКЕНІМ – ЖАСЫЛ ОРМАНЫМ»

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

“Бұлақ көзін ашып, көзіңді қалдыр, жақсылық мұра шашып, ізіңді қалдыр, бау-бақша өсіріп, өзіңді қалдыр ” дейді бабалар тәмсілі. Адамзат өмірінде қай заманда да, қай қоғамда болмасын озық ойлы, өз заманы мен өз замандастарынан оқ бойы алда жүретін көшбасшылар маңайын жасыл желекке айналдырып, төңірегіне ағаш егуге, осындай ізгі істермен есімін есте қалдыруға ерекше мән берген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мекенім – жасыл орманым» атты акциясын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 13-14 қараша күндері елімізде жалпы ұлттық ағаш отырғызу акциясы өткізілуде. Бұл акцияға Түркістан облысы Келес ауданының жұртшылығы да білек сыбана кірісіп, өз еңбегімен үлес қосуда. Акция аясында аудандағы мемлекеттік мекеме мен әлеуметтік сала қызметкерлері, өзге де құрылымдар өз ғимараты аумағына ағаш отырғызды.

Сонымен қатар, тұрғындар аудан аумағынан өтетін республикалық А-15 автомобиль жолы маңына да жасыл желек екті. Мұндай істен балабақшалар да тыс қалмады. Мектепке дейінгі тәрбие ошақтарының қызметкерлері бақша мен бөбекжай ғимараттарының төңірегіне көкөніс ағаштарын егіп, тазалық жұмыстарын жүргізіді.

Жасыл желек отырғызу шарасы ертең де жалғасатын болады.