МҰҒАЛІМДЕРГЕ БАСШЫЛЫҚТЫ ҮЙРЕТЕТІН КУРС ӘЗІРЛЕНДІ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Басшы болуы үшін де білім мен дағды керек. Шымкент қаласында мектептерде басқарушы лауазым қызметін  атқаратындар үшін, бойында көшбасшылық дағдыны қалыптастыруды қалайтан оқытушыларға ортақ 72 сағаттық курс әзірленді. Жаңа оқу бағдарламасын «Өрлеу» кәсіби даму институты әзірлеп шықты. Көшбасшылыққа жол ашатын курсты мұғалімдер қалауынша оқи алады. Бағдарлама 7 модульден тұрады, психология, тайм-менеджмент, заңнама секілді салаларды  қамтиды.

– Бағдарлама министрілік тарапынан келісіліп, бекітілді. Қазан айынан бастап 523 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті. Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау процесін сүйемелдеу, кәсіптік бағдарлауды қамтамасыз ету мақсатында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жүргізілетін болады,-дейді «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры,  педагогика ғылымдарының докторы  Лаура Искакова.

2022 жылы біліктілікті арттыру  курстарының жаңа циклі білім беру бағдаламаларын жаңарту арқылы басталады. Салаға қатысты 122 бағдарлама жаңғырды. Оларға арналған оқу-әдістемелік кешендер де қайта өңделді. Сонымен қатар, биыл пәндік біліктілікті арттыру курстарына да ерекше назар аударылып отыр. Ал ең басты жаңалық – «Алматы Менеджмент Университеті» білім беруді дамыту институтымен, UNISEF білім беру саласындағы сарапшылар мен тәжірибелі мамандармен ынтымақтасып, менеджменттік курс әзірленген.

Курс барысында мұғалімдердің кәсіби қызметінде туындайтын қиындықтар талқыланып, мазмундық модульдерге де өзгеріс енгені айтылды. Курстарда диагностикалық тестілеуден өткесін,. тыңдаушыларды бағалау «Сабаққа қатысу» мен «белсенділік» элементтері бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, оқу материалын меңгеру дәрежесін бағалау үшін қорытынды тест тапсырады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институт филиал әдіскері    Гүлжан Айберованың айтуынша биылғы жылы ақпан айынан бері қарай  15 777 тыңдаушы педагог оқытылған болса, олардың 3 мың 818-і шымкенттік мамандар екен. Биыл пәндік біліктілікті арттыру курстарына байланысты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері EdCrunch Academy-мен бірлесіп 12 пәнді қамтыған 44 бағдарлама әзірленген. Бұл курс тамыз айынан басталды. Жиында қаланың бас педагогі өз әріптестеріне алдағы жоспарды жариялады. Қатысушыларды Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасымен таныстырды.