«НҰРШУАҚҚА» САПАЛЫ ЖАРЫҚ ТАРТЫЛУДА
-
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Шымкент қаласының аумағына кіретін 73 елді мекен бүгінде сапалы жарық жүйесіне қосылған. Ал, қалған 8 шағын аудан халқы жекенің меншігіндегі тарансформатор мен желіні пайдаланып, жарық алады. Олар: «Достық», «Нұртас», «Сәуле» шағын ауданының 276 орамы, «Тұран», «Нұршуақ» аймақтары. Аталған шағын аудандарда бүгінгі таңда жаңа электр желілерін тарту жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бұйыртса, биылдан қалмай сапалы қуат көзіне қосылады деп күтілуде.
Зарипа Толымбекованың «Нұршуақ» шағын ауданында тұрып жатқанына 6 жылға жуықтапты. Осында қоныс аударғалы жекенің меншігіндегі трансформатордан электр жарығын аламыз,-дейді көп балалы ана. Ең қиыны, оның төлемақысы қымбат. Оған қосымша ай сайын тасымалдау кезінде болатын шығындар үшін тағы қаржы жиналады. Бұл әлеуметтік жағынан әлжуаз, тұрмысы төмен отбасылар үшін аса қиынға соғады.
Мемлекеттік қуат көзіне қосылуды асыға күтіп жүрген ағайынның арманы, алдағы күзде орындалып қалуы әбден мүмкін. Осы орайда, шалғайдағы шағын ауданға сапалы жарық жеткізіп жатқан мердігер мекеме өкілі құрылыстың 80 пайызға жуығын аяқтағандарын жеткізді. Ал, қалған жұмыс республикалық бюдет бөлетін қаржыға жасалады.
Жоба бойынша «Нұршуақ» мөлтекауданында 6 мыңға жуық абононет бар. Олар шетінен сапалы жарық көзіне жалғануда. Бүгінде 120-ға жуық үйді мемлекеттік қуат көзіне қостық деген, мердігер мекеме өкілі, шалғайдағы шағынауданның бос жатқан жерлері түгелімен ескерілгенін айтады. Ал, бірен-саран жобаға енбей қалған абономентке өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайынбыз,- дейді. Қала шетіндегі шағын ауданға сондай-ақ, көгілдір отынның құбыры да тартылуда. Қазіргі таңда жұмыстың тең жарымына жуығы аяқталыпты. Құрылыс келесі жылы толық аяқталмақ.
Жыл соңына дейін қаладағы газ құбыры тартылып жатқан 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде, 20 мыңға жуық адам көгілдір отынға қосылып, мегаполис тұрғындарының газбен қамтылу деңгейі 94,7 пайызға жетеді. Ал жарық мәселесі 99 пайызға шешімін таппақ. Нәтижесінде, 17 мыңнан астам адам сапалы электр қуатына қол жеткізетін болады.