ОРТАЛЫҚ ЕКІ КӨШЕДЕГІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
blog-single-image

 Бүгін Шымкент қаласында Адырбеков көшесінің Жібек жолы мен Ғани Ілияев көшесіне дейінгі аралығы және Қонаев даңғылының жалғасы көлік қозғалысы үшін ашылды. Ұзындығы 3,74 шақырымға созылған жол құрылысы Алдияров көшесінен Т.Рұскұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жоба бойынша ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тротуар, жарық шамдар  қойылатын болады.

Жалпы, Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқтап,  пайдалануға беру жоспарланған. 2018-2020 жылдары Рысқұлов көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі аралықты қамтитын 800 метр жолға қайта құру жұмыстары жүргізілген. Бүгінде Жібек жолы көшесінен Тәуке хан даңғылына дейінгі аралықта қайта құру жұмыстары атқарылуда. Ал Жібек жолы көшесінен Ілияев көшесіне дейін асфальт төсемінің екінші қабаты төселіп, Ілияев көшесінен Тәуке хан даңғылына дейін инженерлік жүйелер орын ауыстырылуда және жолдың қазаншұңқыры дайындалуда.

Бүгін сондай-ақ, бүгін Д.Қонаев даңғылының жалғасы көлік қозғалысы үшін ашылды. Аталған нысанда құрылыстың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Шаһардың күретамыры есептелетін даңғыл – қаладағы көлік ағыны жоғары магистралды жолдың бірі. Қазіргі сәтте құрылысы аяқталмаған даңғылдың Терешкова көшесінен Бекет көшесіне дейін аралығы көлік ағынын оңтайландыру үшін іске қосылып отыр.

Құрылыс жобасы бойынша Қонаев даңғылының үшінші кезеңінде  ұзындығы 561,2 метр, ені 42 метрді болатын жерге асфальт төселді. Бұл жұмыстар  2020 жылы басталып, жобаға сәйкес теміржол көпірі мен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Сондай-ақ, жол жиегіндегі инженерлік жүйелерді ауыстырылды. Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында тұрақты түрде техникалық қадағалау эксперттері бекітілген. Ұлттық сапа орталығымен орындалған жұмыстар мен материалдарға сараптама жүргізіліп отырады.