ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл толады. Қазақстан Республикасында прокуратура органының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесінен бастау алады, Қазақ КСР Әділет халық Комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылып, Әділет халық комиссары – республика прокурорының міндетін қоса атқарды.

1933 жылы прокуратура органының өкілеттігі кеңейді, Әділет халық Комиссары жанында прокуратура басқармасы құрылып, дербестікке қол жеткізіп, прокурордың міндеттері Әділет халық комиссарынан бөлінді.
1937 жылы Әділет халық Комиссарынан прокуратура толық бөлініп, Қазақ КСР-ның тұңғыш прокуроры болып С.Есқараев тағайындалды. Уақыт кезеңіне сай прокуратураға мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және жеке меншік ұйымдары іс-әрекетінің заңдылығына, жеке адамдардың, тергеу органдары, анықтау және т.б. органдары қызметін қадағалауды жүзеге асыру жүктелді.

Прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған сәттен басталды.

1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Қазақ КСР –ның Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.

1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күшіне еніп, прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган болды, заң прокуратураның құқық қорғау қызметін жақсартуда оң әсер етті.

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдуммен қабылданған Конституцияның 83-бабына сай прокуратура – бірыңғай орталықтандырылған дербес жүйе, Президентке ғана есеп беретін және Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік сақталуы тәрізді міндеттерді жүзеге асырудың құқықтық тетігі (құралы) болып табылады.

Тарихы тереңнен бастау алатын Келес аудандық прокуратурасы құрылған уақыттан бері прокуратура органдары жүйесінің нығаюына, имиджі мен беделіне және көптеген жас прокурорларды тәрбиелеген С.Кайыпназаров, Б.Битуреев, К.Баймағамбетов, Қ.Торыбаев, М.Исабаев, А.Сыздықов, О.Монтаев т.б. қызмет еткен.

Ал, Келес ауданы 2018 жылы Сарыағаш ауданынан бөлініп, жеке аудан болуына байланысты, Келес аудандық прокуратурасы қайта құрылып, штаттық бірлігі бекітілді. Аудандық прокуратура құзыреттік шеңберінде ел игілігі үшін заңдылықтың үстем болуын қамтамасыз ету мен жоғары қадағалауды жүзеге асыру, азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау бағытында еңбек етуде.