САЙЛАУДА ӘН ШЫРҚАП, ДОП ТЕБУДЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Өткен аптада Қазақстан кубогының жеңімпазы болған шымкенттік «Ордасы» клубының ойыншылары да бүгінгі саяси науқаннан шет қалмады. Команда мүшелері бүгін таңертең  орталық стадионда орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді. Онан соң командаға жанкүйер болып жүрген балаларға шеберлік сағатын өткізіп, оларға естелік қолтаңба берді.

«Ордабасы» бүгінде еліміздегі ойыншылары жас команда саналады. Футболшылардың орта жасы 22-де. Сондықтан да болар жас құрамның ойыны бөлек. Өрнегі өзгеше. Тағы бір ерекшелігі шаршы алаңда теңбіл доп теуіп жүрген 25 футболшының 17-і қазақ жігіті.

         – Бүгін командамызбан келіп, өз таңдауымызды жасадық. Қателеспедік деген ойлаймыз. Бұл да бір тарих қой. Осы сайлаудан кейін Қазақстанымыз көркейіп, алға дамиды деген сенімдеміз,-дейді «Ордабасы» футбол командасының ойыншысы Самат Шәмші.

         Бүгінгі кезектен тыс Президент сайлауында  қазақтың жезтаңдайы, опера әншісі Майра Мұхамедқызы да елдің кемел келешегі үшін  өз таңдауын жасады.

«Алқоңыр» әнімен сайлаушылардың көңілін бір серпілтіп тастаған өнер иесі қаладағы №11 сайлау учаскесінде  отбасымен бірге дауыс берді.  Әнші

– Сайлауда өз құқығымыды  пайдаланып, «ел  болашағы мен кемел елешегінің бағдарын айқындадым. Сондай-ақ, сайлау елдігімізді айқындайтын, болашағымызды білдіретін маңызды саяси шара және үлкен мереке екенін айта келіп, оған бір кісідей қатысудың өзі бірлігімізді, елдігімізді көрсетеді,-деп  әнші ой түйді.

Опера әншісі, Шымкент қаласы опера және балет театрының басшысы Майра Мұхамедқызы:  Мен үшін де тарихи кезең. Мен әрқашан Қазақстандағы әрбір сайлауда дауыс беріп келемін. Қазақ елінде болып жатқан осындай саяси науқанға қатысу әрбір азаматтың борышы,-деді.

Сайлауда  «Қоғамдық пікір» мен «Ашық қоғам» институттары «exitpoll»  әдісімен Шымкент қаласындағы дауыс берушілер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Социолог мамандар аймақтағы дауыс беру учаскелерінің шыға берісінде тұрып, жұртшылықтың пікірін жинақтады. Олар таңғы сағат 7-ден бастап, кешкі 8-ге дейін дейін бірнеше лекпен сауалнама жүргізеді. Қазір олар мегаполистегі 16 сайлау учаскесінде жұмыстеп жатыр. Әр учаскеде 5-6 маман сауалнама жүргізуде. Олар мегаполис  бойынша дауыс берген мыңдаған азаматпен пікірлеспек.   Сауалнама нәтижесі  ертең белгілі болады.  «Ашық қоғам» аймақтық зерттеу халықаралық институтының супервайзері Анна Перевееваның айтуынша шымкенттік сайлаушылардың көңіл күйі өте жақсы. Әсіресе, сағат 12 мен 2-нің арасында учаскелерге адам өте көп келген.