СТАДИОННЫҢ ШАТЫРЫН ҚАЙТА ЖАУЫП ЖАТЫР
-
Шымкент қаласы, Абай ауданы
Шымкент қаласында 21 мамыр күні «Ордабасы» және «Ақсу» футбол командаларының кездесуі барысында қатты желдің салдарынан стадионының оңтүстік ғимаратының шатыры құлаған болатын. Қазіргі таңда стадион аумағын ретке келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
1967 жылы пайдалануға берілген спорт нысанының көрермен сыйымдылығы 25 мың. Стадион оңтүстік және солтүстік павильоннан (2 спорт зал және кобинеттер қаралған), жанкүйерлер трибунасы, қойма және т.б. бөлмелерден тұрады.
Шығыс және батыс көрермен трибунасының жалпы көлемі 8,7417 шаршы метр.
Стадион 2007 жылы күрделі жөндеуден өткен екен. Сол кезде оңтүстік және солтүстік павильонның қасбеттерін арнайы құрылыс материалымен қапталып, шатыры орнатылған еді. Апат кезінде келген шығынның нақты мөлшері нақтыланып жатыр, ол жайында қосымша ақпарат берілетін болады дейді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.