СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 40 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында сыртқы сауда айналымы  2022 жылдың 5 айдың алдын ала қорытындысымен 584 млн АҚШ долларын құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артқанын көрсетеді.

Бұл туралы Шымкент қаласы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов мәлімдеді.

– 2022 жылдың 5 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сыртқы тауар айналымы 40%-ға, «экспорт» рәсімі 55%-ға, импорт (ішкі тұтыну) рәсімі 28% пайызға ұлғайған, – деді ол.

Түркия, Өзбекстан және Қытай елдерімен сауда саттық барлық тауар айналллымының 50 пайызды құрап отыр екен.

Жергілікті бюджет өндірістік емес төлемдер бойынша 169%-ға орындалған. Керісінше, жеке  тұлғалардың берешегі бойынша 29%-ға өсіп отыр. Журналистермен жүздескен Ерлан Әлімқұлұлы берешек сомасын азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

– Берешек сомасын азайту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Берешегі пайда болған жеке тұлғаларға бірінші хабарлама жолданады, 30 жұмыс күні ішінде орындамаған жағдайда салық бұйрығы қалыптасады. Оны 5 жұмыс күні ішінде төлемеген жағдайда автоматты түрде жеке сот орындаушылар палатасына мәжбүрлі түрде өндіру үшін жолданады.

Қазіргі таңда берешегі бар 1 691 автокөлік иелері қала аумағында орнатылған «Сергек», «Интегра» жүйелік кешендерінің және «Қорғау» қосымшасының көмегімен  іздестіріліп жатыр.

23- мамырда жүргізілген рейдтік іс-шаралар  нәтижесінде, 35 көлік құралы иесінен 16,2 млн.теңгеден аса сома  өндіріліп, 16 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылып,

754 жеке тұлғадан 86 млн.тг. өндірілген .

Салық берешегі туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz, «Электронды үкімет, Электронды қызмет» бөлімінің ішінде «Салық берешегі бар/жоқ туралы ақпараттар» бөлімшесінен және мобильді құрылғыларға  «e-Salyq азамат» қосымшаларын орнату арқылы алуға болады.