ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында газды пайдалану құралдарына техникалық қызмет көрсету ісі  енді электронды жүйе арқылы жүргізіледі.  Олармен тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында «I-Shymkent» порталына осы салада қызмет көрсететін компаниялардың тиісті мәліметтері енгізіліп, іске қосылды.

Жалпы, Шымкент қаласыда бүгінгі таңда 29 компанияның үй ішіндегі газ  пайдалану құралдарына техникалық қызмет көрсету туралы аттестаты бар. Талдау жұмыстарының нәтижесінде бүгінде солардың 13 компаниясы қызмет жүргізіп келеді.  Сондай-ақ, мұржалар мен желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар. «I-Shymkent» порталына осы 13  компанияның деректері енгізілді. Енді абоненттердің олармен техникалық қызмет көрсетуге келісімшартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар.

Жылыту маусымының басталғанына орай техникалық қызмет көрсету компанияларының мамандары қысқы мезгілде жылыту құралдарын пайдаланудың қауіпсіздігін сақтауға шақыруда. Олар қала тұрғындарына газдан уланудың алдын алу үшін үйдегі газ  пайдалану құралдарының жағдайын тексертіп алу үшін техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт жасау қажеттілігін түсіндіріп жүр.

Жыл басынан бері қала тұрғындарына 42 мыңнан астам жадынама таратылған. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарынде видеороликтер, мақалалар жарияланып, арнайы мамандандырылған мекемелердің басшыларының қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді.

Мұнан бөлек, Шымкент қаласы төтенже жағдайлар департаменті қызметкерлері газбен уланудың алдын алу мақсатында қала бойынша кең ауқымды профилактикалық сенбілік өткізді. Олар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, жергілікті полиция қызметімен, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы Шымкент филиалының қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп тұрғындармен әңгімелесу өткізіп,  нұсқамалар берді.  Жылу және электр сымдары жүйелерін тексерді. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында аз қамтылған отбасылардың үйлеріне демеушілер есебінен сатып алынған  газдабылқаққыштар орнатылды, нұсқама жүргізілді, жадынамалар таратылды және иелеріне осы құрылғылардың функциялары түсіндірілді. Профилактикалық сенбілік кезінде маандар қыс маусымында төтенше жағдайлар жиі болатын шағын аудандарындағы  400-ден астам  үйдің тұрғындармен кездесті. 2000-ға жуық адам қауіпсіздік ережелерімен танысты. Газ пайдалану құралдарын орнату тәртібін сақтау, ауа өткізгіштердің болуы, қондырғыларды уақтылы тексеру сияқты жәйттерге қанықты.