ТҮРКИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында Түркия Республикасының құрметті консулдығы ашылды. Мұндай байланыс енді екі елдің арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынасты нығайтуымен бірге сауда-экономикалық  қатынастарды арттыра түспек. Шымкент қаласындағы құрметті консулдықтың мақсаты екі ел туризмінің дамуына ықпал ету. Сондай-ақ сауда саттықты көбейтіп, кәсіпкерлік, өнеркәсіп салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Түркия Республикасының сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу:

          – Екі ел арасында ерекше достық, бауырластық қарым-қатынас қалыптасқан. Біздің Шымкент шаhарына келуіміздің негізгі себебі – сол байланысты одан әрі нығайту. Жақын арада біз Түркістан қаласында да консулдығымызды ашуды жоспарлап отрымыз,-деді.  

Түркия Республикасының сыртқы істер министрі сапар аясында түрік жұртына танымал ақыны, соплық поэзияның өкілі, Ясауидің рухани шәкірті  Юнус Эмренің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. ХІІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген шайырдың туындылары сүйіспеншілік пен махаббатқа, сабыр мен адами ізгілікке негізделген.

Екі жақты кездесу барысында Шымкент қаласының әкімі  Қазақстан мен Түркия Президенттерінің жыл сайынғы кездесуі достық пен мемлекетаралық қатынастырды әрі қарай нығайтуға  негіз болатынын айтты. Ол түбі бір түркі жұртының тарихы мен мәдениетінің және рухани байланыстарына негізделген қазақ-түрік достығының дәлелі ретінде Шымкент қаласының Измирь, Ески шехир, Адана қалаларымен достық байланыс орнатқанын да  тілге тиек етті.

         Түркия Сыртқы істер министрі Шымкентке сапары аясында қала әкімінің қатысуымен жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Онда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Шымкент қаласында бүгінгі таңда  7 мыңнан астам түрік өмір сүреді. 1996 жылы құрылған түрік этно-мәдени орталығы қоғам өміріне, шаһардағы  шараларға белсенді түрде қатысады. Этно мәдени орталық салауатты өмір салтын ұстануға, келер ұрпақты төзімділік, адамгершілік рухында тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. «Ахыска» Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетін өзара байытуға, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жақты мәдени байланыстарды дамытуға себебін тигізуде. Осы ұлт өкілдерінің ішінен түрік халқының тарихын зерттеумен, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтаумен, дамытумен және мәдени ағарту қызметімен айналысатын патриот азаматтар шыққан.