ТҰРҒЫН ҮЙ ДЕРЕКТЕРІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕГЕ ЕНГІЗІЛІП ЖАТЫР

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес,  Шымкент қаласында «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесіне көп пәтерлі тұрғын үйлердің техникалық паспорттарының деректерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жүйе  Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында бірегей цифрлы плат­формасын құруға бағытталған. Яғни тұрғын үйге қатысты ақ­параттарды арнаға біріктіру ар­қылы нысанның  қандай жағ­дайда тұрғаны және оны жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарылуы керектігін нақтылайды. Бұл тұрғын үй қорының нақты жағдайын бағамдауға, жөндеу жұмыстарын дер кезінде жоспарлауға және қаржылық бағдарла­маларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлының айтуынша  тұрғын үй коммуналдық саласының қызметін оңтайландыру және тұрғын үй қорын сақтау мақсатында Шымкент қаласы бойынша бекітілген Заң талаптарына сәйкес, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 27,3 теңге болып бекітіліп отыр.

Бүгінгі таңда мегаполисте 2 мың 236  көпқабатты тұрғын үй бар.  саны Оның ішінде басқару нысанын тіркеуге жататын тұрғын үйлер  саны 1 мың 823. Ал қала бойынша 124 мүліктің меншік иелері бірлестігі,  (МИБ),  1 мың 699 жай серіктестік (ЖС) бар. Басқару нысанын жалпы тіркелген үйлер саны 1 823. Қала бойынша тіркелген басқару объектілері 100%-ды  құрайды.

ҚР «Азаматтық қорғау» Заңының талаптарын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері сексен сегіз лифтіге комиссиялық сынақтар өткізіліп, он тоғыз лифт тіркеуге қойылды. Қазіргі уақытта жүк көтергіш құралдырын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет реестріне енгізіліп электронды түрде «Egov.kz» порталына қосылып отыр. Осы құралдарды пайдаланудағы қызмет көрсетуші мекемелермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Лифтілерде қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында және лифтілерге қызмет көрсетуші мекемелердің қызметінің жауапкершілігін арттыру үшін «iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығымен интегерацияланды.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда 685 лифт бар. Оның ішінде 561 тұрғын үйлерде орнатылған. Денсаулық сақтау мекемелерінде – 51, білім беру басқармасына қарасты мектептерде – 23, қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында және қонақ үйлерде – 50 лифті жұмыс істейді.