ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ?

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие  негізінде  «2-10-20», «5-10-20»  бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны.

         Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

          Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына жататындар:

  • мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • толық емес отбасылар.
  • Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер.

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022жылға-36 018теңге) соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы (111 656 теңге) аспауы тиіс. (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).

 Әлеуметтік көмек қайтарымсыз негізде беріледі.