Тұрғын үй құрылысын жандандырудың өзекті екенін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған әр Жолдауы сайын ерекше мін беріп, атап көрсетеді. Президент Шымкент қаласына қыркүйек айында жасаған сапарында да атлағн мәселені айрықша атап көрсетіп, қала әкімі Мұрат Әйтеновке берген тапсырмаларында қадап айтты.
Бүгінде Шымқаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында 9 қабатты үйлердің құрылыс жұмыстары қарқын алып отыр. Бұған дейін 9,10,11,12 тұрғын үйлердің құрылысы мерзімінде аяқталмағаны үшін әкімдік тарапынан жауапты мердігер мекемелерге ескертулер беріліп, айыппұл салынған болатын. Бүгінде сол олқылықтардың орны толтырылып, жұмыстар аяқталуға жақындап қалды.
Қала басшысы аталған орталықтағы бірнеше нысанда құрылыс барысын көріп қайтты. 9 қабатты 13,14,15,16 тұрғын үйлердің құрылысы мен аталған аймақтың солтүстік беткейіндегі 21,5 га жерде бой тіктейтін жаңа көпқабатты үйлердің инженерлік жүйелерін тарту жұмыстарын аралап көрді. Құрылыстың тиісті мерзімде аяқталуы керек екенін мердігерлердің есіне қайта-қайта салды. Талап орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.
-Шымкентте 49 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тұрғанын ескеретін болсақ, тұрғын үй құрылысын дамытуға бар күш жігерімізді салуымыз қажет,-деді М. Әйтенов.
Бүгінгі таңда Қаратау ауданына қарасты «Бозарық» шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы бітіп, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл құрылыс аумағында да бірқатар кемшіліктер орын алған болатын. Қалабасы нысан басына арнайы барып, бұған дейін берілген ескертпелердің түзетілгеніне көз жеткізді.
Инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін 1,4 шақырым электр желісі, 1,2 шақырым газ, 1,3 шақырым ауыз су құбырлары, 0,8 шақырым кәріз жүйесі тартылу керек. Қазірге дейін барлық жұмыстардың 30% орындалған. Келесі жылы ауыз мен көгілдір отын тарту жұмысы толық аяқталуы керек.
Сондай-ақ, 2020 жылы қалада басталған жол құрылысының елу пайызы орындалып , қалған жартысы келесі жылы толығымен бітеді деп жоспарланған.
Салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарын аралау барысында мердігер мекемелердің басшыларына жұмыстың сапасы сын көтеретіндей болсын дегенді қайталап айтқан қала әкімі М.Әйтенов жауапты басқарма басшыларынан шаһарда салынып жатқан әрбір құрылыс нысанының мерзімінен кешіктірілмеуін қатаң бақылауға алып, сапасына ерекше назар аударуды талап етті.