Шымкент қаласы туралы айтып отырмыз. Жалпы, қалада 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336 аялдама павильоны болса, қалғанына аялдама белгілері орнатылған. 2021 жылдың қорытындысымен жаңа үлгідегі аялдамалар саны 670-ке жетті.
– Биыл шілде айынан бастап 30 аялдама орнатылды. Барлық аялдамалар Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес. Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат – елдімекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру, – дейді жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов.
Шымқалада 2021 жылы 309,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, осы жылы жалпы 361,1 шақырымды құрайтын 190 нысанға жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру жұмыстары жүргізіледі, 261,1 шақырым күрделі жөндеуден 19,3 шақырым жол, орташа жөндеуден өтіп, жыл соңына дейін 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді.
Биылғы 1-жартыжылдықта 91 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. Оның ішінде 19,3 шақырым күрделі, 169 шақырым орташа жөндеуден өтті. 10 шақырым магистралды көше, 159 шақырым ішкі орам көшелері жөнделді.
Жыл соңына дейінгі жоспарлы жұмыстардың аяқталып, қала аумағындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға жетеді.
Қаратау ауданына қарасты Асар-2 елдімекенінде ауыз су (2-кезек) құрылысы жүргізілуде. Биыл10 маусымынан басталған құрылыс жұмысының бүгінде 40 пайыздан астамы аяқталды. Яғни, жоспарланған 54,2 шақырымдық су құбырының 21,5 шақырымы тартылды.
Құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде Асар-2 елді мекеніндегі 1000 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылады.
Ал, сапалы электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады.
Сонымен қатар, шағын аудандағы “Нұрлы жол” және №4 көше жарықтандырылады. Басқарма басшысының есебінде осындай мәліметтер келтірілді.
Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасын жүзеге асыруда Әл-Фараби ауданында атап айтар жобалар баршылық. Ауданда 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 4 есеге артқан. Және халық балаға жағдай жасауды қалайды.
Ауданда өткен жылы 14 үйдің ауласы абаттандырылған болса, биыл 59 жобаға қаржы бөлінді. 50 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 ашық спорт алаңшасы салынбақ. Бұл жұмыстарды тұрғындар дауыс беру арқылы таңдады.
2023 жылы 32 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 7 ашық спорт алаңшасы салынса, жоспар 100 пайыз орындалады.