ШОЛУ: БИЫЛ 1 605 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Адам өмірінің маңызды бөлігінің бірі тұрғын үй. Қазақ «үйі жоқтың- күйі жоқ» деп бекерден-бекер айтпаған. Қоғамда тұрғын үйге қатысты байланыстардың бәрін арнайы мемлекеттік мекемелер реттеп отырады. Мәселен, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы мемлекеттік мекемесі 3 бағытта мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру», «Тұрғын үй сертификаттарын беру» және  «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау.

ҚАНША АДАМ ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰР?

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде жалпы              48 975 азамат тіркелген. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1838, көпбалалы отбасылар-9634, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы- 16839, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер-20 637, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 27.

ҚАНША АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТЫЛМАҚШЫ?

2021 жылы 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланып, жыл соңына 812 қамтылды. Қалған 164 отбасы 2022 жылдың бірінші тоқсанында қамтылған.

2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1 605 пәтер табысталу жоспарланған. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-54, көпбалалы отбасылар-476, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 218, жұмыс істейтін жастар-857.                 

КОНКУРС ҚАШАН ӨТЕДІ?

29 жаcқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша қазіргі таңда бұл тұрғын үйлерде абаттандыру және инфрақұрылымдық жүйелерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда аталған тиісті жұмыстар аяқталған соң Тұрғын үй басқармасымен жастар бағдарламасына конкурс өткізілу көзделген. Бұл бойынша алдын ала хабарландыру  барлық бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.