ШОЛУ: ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ТАУЫП КЕТУГЕ ЖОЛ АШАДЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласы бойынша «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 33 500 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Соның  ішінде 20 759  адамды тұрақты жұмысқа орналасатын болады. Биыл 24 196 жаңа жұмыс орны ашылып, соның ішінде 14 157 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылуы керек. Ал, 9 679  уақытша жұмыс орны ашылады. 10 522  жұмыс орны ұлттық жобалар шеңберінде ашылса, 13 674 жұмыс орнын жеке кәсіпкерлер өз бастамасымен ұсынады.

Ал, мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың  жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмасына орай 18 425 жас жұмыспен қамтылады.  Сондай-ақ «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 12 айға ұзартылып, жалақысын 30 АЕК-дейін көтерілді.  «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі 18 ай, жалақы мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрап отыр.

Өткен жылы қала бойынша,  29 жасқа дейінгі 2578 азамат жастар практикасы бойынша тәжірибеден өтті.  351 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына барса, 3064 азамат қоғамдық жұмыспен қамтылды. 118 адам -«Алғашқы жұмыс орны» жобасымен, 23 421 адам бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасты.

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған» ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтылғандардың ішінде Сабира Пірман мен Гүлнұр Құрбаш та бар. Осы жылдың мамыр айында қалалық халықты жұмыспен қамту орталығынан «Ханәділ» бөбекжай-балабақшасына жұмысқа орналасу жолдамасын алған олар бүгінде аталған мектепке дейінгі мекемеде тәжірибе жинақтау үстінде.

«Авиценна» колледжінің түлегі мейірбике Гүлнұр Құрбаш:

– Жастарды жұмыспен қамтуға мол мүмкіндік беретін «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысқаныма өкінбеймін. Тұрақты жұмыс тауып кетуге жол ашады. Бастысы аянбай еңбек ету, – дейді.