ШЫМКЕНТТІК ВОЛЕЙБОЛШЫ ҚЫЗДАР ТОП БАСТАДЫ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласындағы «Достық»  университетінің  спорт  кешенінде волейболдан әйелдер арасында  Қазақстан Республикасы чемпионатының кезекті  тур  ойындары  жалғасып жатыр. Еліміздегі жоғары лига  командалары  арасында  көш  бастап  келе  жатқан  шымкенттік  волейболшы қыздар әзірге керемет ойын өрнегімен өздерінің шеберліктерін танытуда.    

Биылғы  республикалық  жарысқа  Түркістан облысының «Тұран» волейбол  командасы   мен Оралдың атақты  «Грация» командасы, сонымен қатар Қостанай  қаласынан   келген  « Қостанай» волейболшы  қыздары  және Қарағандының «Теміртау» командалары   бақ сынасуда. Жарыстың Бас   төрешісі  және  халықаралық  деңгейдегі  төреші Нұржан Өмірзақтың   айтуынша, осымен 31 –ші рет жалауы  желбіреген   волейбол  додасына  барлық  клубтар  жоғары деңгейде дайындықпен  келген.

Чемпионат  бес  тур  ойындарынан  тұрады. Әзірге Шымкенттің волейболшы  қыздары  ұпай санымен топ басында. Онан кейінгі орында Тараз  командасы. Ал, үшінші  орында  Қарағандының қыздары  командасы  жайғасты. Спорт бәсекесін Шымкент қаласының әкімдігі мен Шымкент  қаласының  дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шымкент қаласының «Шымкент»  ойын түрлері спорт клубы  ұжымы ұйымдастырды. Үш  кездесуден кейінгі шымкенттік команданың ойын өрнегін мамандар жоғары бағалап отыр.  Шымкент ойын түрлер клубыны басшысының орынбасары Тұрсын Ахметовтың айтуынша жерлестеріміз   осындай жақсы  қарқынмен  ойын  көрсетер  болса Түркістанның «Тұран» қыздар  командасы  секілді  ұлттық  лигаға  жолдама  алуы  мүмкін екенін айтты.  Бүгінгі таңда ұлттық  лигада  Талдықорғанның, Петропавлдің, Шығыс Қазақстанның екі  бірдей  кәсіби  командалары өнер көрсетеді. Алдағы  уақытта осы командалар  қатарынан шымкенттік  волейболдан қыздар  командасынан  да  көріп  қалуымыз  мүмкін.

Жалпы, Шымкент қаласында волейбол спорты қарқынды дамып келеді. Биылғы жылдың қараша айында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының қорытындысында  Шымкент қаласындағы №18 спорт мектебінің командасы үшінші орынды иемденген болатын. Оған 2004-2005 жылы туған жасөспірім қыздар командасы қатысқан болатын. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген спорт бәсекесіне Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Түркістан облысынан 7 команда қатысқан болатын.

Қазақстанның әйелдер командасы биылғы жылы қараша айының басында Нидерланды мен Польшада өткен волейболдан Әлем чемпионатында жеңіліс тапты.  Қазақстан құрамасы бес  ойында жеңіліске ұшырап, С тобында соңғы орында өнер көрсетті.