ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
-
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Шымкент қаласында жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті. Оған
– «OKS Development»;
– «BI Group»;
– «Батсу»;
– «Otau group»;
– «Kanfar.building»;
– «APT-Курылыс»;
– «Capital City»;
– «Сити строй»;
– «Эристайл»;
– «01KZ–building»;
– «Витрина недвижимости»;
– «Yassy eco village»;
– «Управление жилья по г.Шымкент»;
– «СПК Шымкент» секілді 14 құрылыс компаниясы қатысты.
Жәрмеңкеде қала тұрғындары тұрғын үй салатын компаниялардан ақпарат пен кеңес алды және «Отбасы банктің» кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдау мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңкеде Түркістанның құрылыс салушылары да өз нысандарын көпшілікке ұсынады. Іс-шараға қатысушылар арасында Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының және “Шымкент” ӘКК өкілдері болды.
– Жыл басынан бері Шымкенттегі «Отбасы банк» қызметкерлері 2 мың азаматқа қарыз берді. Бұл күн сайын 10-15 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлау мүмкіндігіне ие болғанын білдіреді. Шымкент қаласы бойынша ақша жинақтау және әрі қарай тұрғын үй сатып алу үшін банктен тағы 18 мың жаңа салым шоты ашылған. «Отбасы банктің» жинақтаушы шоттарына деген мұндай сұраныс қарыздар бойынша мөлшерлемелердің қолжетімділігімен түсіндіріледі. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, біздің клиенттеріміздің тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша әрі қарай кредит алу мүмкіндігі бар, – дейді «Отбасы банкі» Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.
Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде азаматтардың тұрғын үйді 3 миллион теңгеге дейін жеңілдікпен алуына жағдай жасалды. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтарға тұрғын үй сатып алу үшін банк арықылы 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша кредит алу мүмкіндігі берілді.
Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде «Отбасы банк» «Kanfar Building» құрылыс компаниясымен меморандумға қол қойды. Ол 30% мөлшеріндегі төмендетілген бастапқы жарнасы бар жаңа бірлескен бағдарламаның басталғандығын білдіреді. Демек, несие 5%-ға дейін төмендейді, жылдық қайтарым 7% мөлшерлемесі бойынша беріледі.