ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОБАЛАРЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ
-
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
Халықты жұмыспен қамту мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты көрсеткіші. Ол – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы саналады.
Шымкент қаласында биыл 57 мың 696 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту орталығының 1 қазанға дейінгі мәлімет бойынша межеленген топттағы азаматтардың 49 мың 550-і жұмысқа орналысып үлгерген.
Шаһарда қазір жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр. Басқарманың дерегінше, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы» шеңберінде биыл 33 мың 500 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 9 айдың қорытындысы бойынша 29 мың 277 адам еңбекке араласты.
– Азаматтарды жұмысқа орналастыруда оның кәсіби маман болуына баса мән беріледі. Осы мақсатта жұмыспен қамту орталығы кәсіби білім алуға 2 мың 392 адамды жолдау көзделген болатын. Олардың қатары алдан ала жоспардан асып түсіп, бүгінде 3 мың 354 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілген. Нәтижесінде межеленген жостар 140,2 пайыз орындалып отыр. Жұмыс берушілердің сұранысы сәйкес 1 мың 632 адам білім алса, 760 азамат жұмыс берушілердің жұмыс орнында практикалық дәріс алып, тәжірибе жинақтаған. 1 мың 976 азаматтың кәсіп дағдыларын үйрену үшін онлайн білім беру жоспарланып, бүгінде 962 адам осы бағытта білімін жетілдіріп үлгерді, – дейді Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.
Сонымен қатар, биыл 3 мың 50 адамды кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша қызмет көрсету жоспарланған. Оның аясыда «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1 мың 900 адам кәсіпкерліктің негіздерін оқыту көзделіп, азаматтардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында осы жылы 1 мың 150 адамға қайтарымсыз негізде мемлекеттік грант беру жоспарланды. Осыған сәйкес қазірге дейін 610 шымкенттік азаматтарға 400 айлық есептік көрсеткіш көлміндегі грант қаржысы аударылған.
Ал, субсидияланатын жұмыс орындарына 4 мың 819 адамды жұмысқа орналастыру көзделіпті. Осы бағыт бойынша 1 қазанға дейін жоспар артығымен орындалып, 5 мың 44 адам жұмыспен қамтылған. Атап айтсақ, әлеуметтік жұмыс орындарына 125 адам, «Жастар практикасы» жобасына 2236 жас, ақылы қоғамдық жұмыстарға 2357, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 291, жаңадан қосылған «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы арқылы 17 адам және «Күміс жас» жобасына 18 адам жолданған.