ШЫМКЕНТТЕ КЛИМАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Еліміздегі тұңғыш климаттық орталық Шымкент қаласында ашылды. Ол Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг есімімен аталады.  Тың жобаны шетелдік оқымысты Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғалымдармен бірігіп жүзеге асыратын болады.

Оңтүстіккореялық РАЕ Квон Чунг БҰҰ бас хатшысының жаһандық ауа-раййының өзгеруі мәселелері бойынша кеңесшісі. туралы бірер сөз. Шетелдік сарапшы «Жаһандық энергия» сыйлығын беру жөніндегі Халықаралық комитеттің мүшесі. Жасыл энергия, оны дамытудың жақтаушысы. Ол климаттық өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың жұмысына қосқан үлесі үшін 2007 жылы Нобель сыйлығымен марапатталған. Инчхон Ұлттық Университетінің профессоры, «Жақсы болашақ үшін» Қорының басқарма мүшесі.

Шымкент қаласында Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық орталықтың ашылуы  ел үшін елеулі оқиға саналады. Өйткені, қазір дүбір дүние ғалымдарын алаңдатып отырған бір мәселе бар. Ол-энергия көздерін үнемдеу.

Климаттық экономикалық орталықты ашу – Қазақстанның климаттық крезистерін тоқтатуда үлкен рөль атқарады. Бұған толық сенімім мол. Бұл университетте мен бұған дейін де ғылыми –тәжірибелік конференциялардың құрметті қонағы болдым. Ал, білім ордасының басшысылығына алғыстан өзге айтарым жоқ! Өйткені, қазір әлем ғалымдарын алаңдатып отырған жасыл экономика мәселесі – өте өзекті. Алдағы уақытта жергілікті ғалымдармен бірлесіп тың жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр,-деді орталықтың ашылуында сөз сөйлеген  Инчхон Ұлттық Университетінің профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг.

Қазақстанда әсіресе желдің күші мен күн сәулесін пайдалу арқылы қуат өндіруге аса қолайлы. Теориялық есеп бойынша тек желдің өзінен жылына 1 триллион 820 кВт қуат өндіруге болады-дейді  ғалымдар. Жаһандық техникалық прогресс ғаламдық климаттың өзгеруіне алып келуде. «Тек соңғы 10 жылдан өзінде Жердің орташа температурасы  бірнеше рет рекорд көрсеткішке жаңарған. Ал электр қуаты мен суды үнемдеу – әркімнің қолынан келетін істің ең оңайы. Қоршаған ортаға кері әсер ететін әрбір ісіміз Жердің жүрегін жаралайды»-деді ғалым.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 20 мыңнан астам шәкірт білім алады. Соның екі мыңы-магистрант, 1200-і – PHD докторанты.  Жаңадан ашылған орталық – оңтүстік өңірдің экономикасындағы өсу нүтесі болмақ. Бұдан былай, жергілікті ғалымдар, кореялық профессорлармен бірігіп, өзара іс-қимыл жасайды. Шетелдік ұйымдар тарапынан гранттық қаржыландырулар тарату да жоспарда бар. Осы арқылы оқу материалдары әзірленетін болады. Кездесу барысында Рае Квон Чунг университет ұжымына дәріс оқыды.