ШЫМКЕНТТЕ 6 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында биыл 6 мың 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 162 жас «Алғашқы жұмыс орындары» бағдарламасы бойынша, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996-ы «Жастар практикасымен», 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының тұрғындарының 245 мыңнан астамы жастар. Оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды. «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған Оған  4 мың 100 жас қатысты.  «Мобильді топ» 48 шалғай елдімекенді аралап 15 000 астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

Мем­лекеттік жастар саясатын жүзеге асы­­ру мақсатында Шымкент қа­ла­сында 13 ба­ғыт бойынша жылдық жос­пар түзілген. Бүгінгі таңда мегаполисте жастар мә­се­лесіне қатысты фронт-офис кең­сесі қызмет көрсетеді. Аталған мекеме ша­һардағы 10-нан аса волонтерлік ұйым­ және жоғары, орта арнаулы оқу орындары тығыз жұмыс атқа­ра­ды.

Мегаполисте жастардың уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі үйірмелер жұ­мыс істейді. Олардың қатарында ағыл­шын тілі, шешендік өнер, спорттық, дом­быра, психологиялық, «Тәтті гүлдер», «Ба­тыл бол» үйірмелері мен Relax club да­мыту орталығы бар.

Шымкент қаласында жастарды баспанамен қамту да басты назарда.  Биыл үйлі болғысы келетін 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастардан мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін 1 мың 631 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік бағдарлама бойынша жыл соңына дейін еңбек етіп, тұрақты табыс тауып жүрген 857  жасты пәтермен қамту көзделген. Бұл топтағы азаматтарға қыркүйек және қазан айларында «Тұран» шағын ауданынан 211 пәтер, «Шымсити» шағын ауданындағы орамдардың бірінен  286 пәтер берілді. Ал, қалған 360 пәтер «Бозарық» шағын ауданынан желтоқсан айында беріледі деп жоспарлануда. Айта кетсек, осы бағдарлама бойынша 2020 жылы 904 азамат, 2021 жылы 300 азамат пәтерлі болып, жайлы қонысқа жайғасқан болатын.