ШЫМКЕНТ АГЛОМЕЛИОРАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

«Шымкенттің шырайы – Шәмші». Қала күні мерекесіне орай мегаполисте  вальс королінің шығармашылығына арналған концерт өтті. Онда  еліміздегі танымал, жезтаңдай әншілер өнер көрсетті.  

Шәмшінің қайсы бір әні болмасын қалың қазақтың жүрек түкпірінен жай тапқан туындылар. Ұлы сазгердің өзіне ғана тән қасиеті мен ерекшелігі де осы болса керек.  Концертке келген көпшілік  бұл кеште Шәмші әндерін өнер жұлдыздарымен қосыла, шабыттана шырқады.

– Түсіне білген адамға, тани білген жанға  Шәмші шексіз. Шәмші шығармашылығы таусылмайды. Әні де жеткілікті. Олар әрдайым бірін бірі толықтырып тұрады. Шәмші өлмес туындылары, шалқар шығармалары арқылы елге деген махаббатын, парасатын, мәдениетін  көрсете білген, -дейді өнер  кешіне қатысқан әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов

Ән падишасының әуезді әндері  қазақ даласының аспанында қалықтап келе жатқанына  жарты ғасырдан асты. «Менің Қазақстаным»   исі қазақтың бойында отаншылдық рухты  асқақтатып келеді.

Сазгердің 80 жылдық мерейтойында Шымкентте «Шәмші әлемі» деп аталатын жаңа кешен бой түзеді. Оның қақ төрінде кеудесін саз кернеген асқақ келбетті Ән аға асау толқынның үстінде тұр. Ескерткіштің етегін ала оңтүстіктен шыққан әнші сазгерлердің аттары жазылған жұлдыздар аллеясы әрі қарай ұстын тізбекті жазғы сахнаға жетелейді.

Шымкенттің дербес қала мәртебесіне ие болғанына  төрт жыл толуына орай өткізілген қала күні мерекесінде мұнан өзге де тағылымды іс-шаралар өтті.  Жұртшылықты осы  мерекесімен құттықтаған  қала әкімі шаһардың дамуы мен өркендеуіне айырықша үлес қосқан  бірқатар белсенділерге қаланың Құрметті азаматы атағын берді.

Осыдан жиырма шақты жыл бұрын небәрі 500 мыңнан сәл ғана астам тұрғыны бар шаһар бүгінде миллиондар мекені. Өндірісі өркендеп, кәсіпкерліктің жандануы арқасында ірі агломерациялық орталыққа айналды.