ШЫМКЕНТ ШЕТЕЛДІК 10 ҚАЛАМЕН БАУЫРЛАСТЫҚ ОРНАТТЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында «Visit-shymkent.kz» туристік порталына  700-ден аса туристік сала өкілі мен нысандар енгізілді. Туристік портал арқылы енді қала аумағында орын алған әрбір мерекелік іс-шара мен театрлық қойылымдарға билетті броньдап алуға болады. Портал арқылы қазіргі таңда 138 мыңнан аса онлайн билет сатып алынды.

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы өз жұмысын 5 басым бағыт бойынша жүргізіп келеді. Олар: туристік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту, қызмет көрсету сапасын жақсарту, яғни сервисті жетілдіру, креативті индустрияны дамыту, маркетингтік ілгерілету және сыртқы байланыстарды нығайту. Осы бағыттардың ішінде сыртқы байланыстың да маңызы зор. Мәселен, бүгінгі күні Шымкент 10 қаламен бауырластық қарым-қатынас орнатқан. Олар: Худжанд, Могилев, Байинь, Стивенэйдж, Измир, Паттайя, Ахарнон, Гроссетто, Эскишехир, Адана.

Одан өзге, елімізде алғаш рет туристерге қызмет көрсететін кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылай қолдау тетіктері іске асуда. Ол қолдаулар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, жергілікті атқарушы орган және «Kazakh tourism» ҰК тарапынан көрсетілмек. Атап айқанда, Министрлік тарапынан: шет елдік туристер үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау (15 мың тг, әр бір сырттан келетін турист үшін), жергілікті атқарушы орган тарапынан: туристік нысандар құрылысы шығындарының бір бөлігін өтеу (10%), жол бойындағы қызмет көрсету нысандары құрылысының бір бөлігін өтеу (10%), туравтобустарды сатып алуда шығындардың бір бөлігін өтеу (25%), санитарлық-гигиеналық торапты (әжетхана) күтіп ұстау шығынын субсидиялау (83 300 тг), одан өзге, «Кazakh tourism» ҰК» АҚ тарапынан балалар әуебилетін субсидиялау (100%). Яғни, 17 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде тегін ұша алады. Аталған жоба – ел ішінде демалысқа аттанған балалардың әуе билетін тегін алуына мүмкіндік береді. Ол үшін турпакет ішкі туризмде лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс. Бұл қолдаулар басқарма тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алуға мүмкіндігі бар азаматтарға көрсетілетін болады.

OpenKZ-АҚПАРАТ