Шымкент қаласы биылғы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша барлық салада жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, көш басындағы өңірлер қатарына қосылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Смайылов еліміздің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасау барысында айтты.
Мегаполисте жыл басынан бергі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 666,4 миллиард теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құраған. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 108,1 пайыз болып отыр.
Сондай-ақ, шаһарда нвестиция көлемі 327,9 миллиард теңге болып, 20 пайызға артып отыр. Оның ішінде, шаһар экономикасына мемлекеттік бюджеттен 80,3 миллиард теңге, жеке көздерден 247,6 миллиард теңге қаржы тартылған. Жалпы Шымкент қаласында 2021-2025 жылдар аралығында іске асыру үшін ТОП-10 инвестициялық жоба іріктеліп алынған. Оның біріншісі, «Шымкент Сити» аумағынан оңтүстіккореялық инвесторлардың қатысуымен «Highvill Kazakhstan» компаниясының көпқабатты тұрғын үйлер кешені. Екінші, «Университетская клиника» ЖШС-ның 1000 орындық университет клиникасы мен ауысымына 700 адам қабылдайтын емхана құрылысы. Үшінші, «Шымкентская химическая компания» ЖШС-ның метил-трет-бутил эфирі мен ұнтақ пропилен өндіру зауыты құрылысының бірінші жобасы. Төртінші, «KazAlPack» ЖШС-ның алюминий ыдыс өндірісі. Бесінші, қытайлық инвесторлардың металлургиялық зауыты. Алтыншы, «SCAT «ӘК» АҚ-ы халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминал құрылысының жобасы. Жетінші, «Asia trafo» ЖШС-ның трансформатор зауыты. Сегізінші «Standart Steel» ЖШС-ның түсті металл концентратын алу үшін қалдықтарды қайта өңдеу зауыты. Тоғызыншы, «ONGUD GROUP CO.LTD» ЖШС-ның теріден аяқ киім және басқа да бұйымдар өндірісінің жобасы. Оныншы, Өзбек инвесторымен бірлескен «Dentafill Kazakhstan» ЖШС-нің дәрі-дәрмек және гигиеналық құралдардың өндірісі.
Мегаполисте құрылыс жұмыстарының көлемі де артқан. Биылғы жылдың 9 айында 131,4 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр болды. Бұл межеленген жұмыстың 127 пайызға артығымен істелегенін ағақтайды. Сонымен қатар, сауда көлемі 140,1 миллиард теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 миллиард теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 миллиард теңге, нақты көлем индексі 113,4 пайыз болған.
Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі де өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артқан. Ал, байланыс қызметі 5 724,9 миллион теңгеге жетіп, 4,6 пайызға көбейіп отыр.