«АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 400 ДЕН АСТАМ КВОТО БӨЛІНДІ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша “Аңсаған сәби” арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген, оның ішінде Шымкент қаласына 400-ден астам квота бөлінген деді. Мемлекеттік бағдарламаны пайдалана отырып, 41 әйел жүкті болып, 90 отбасы балалы болу бақытына ие болды.

Кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне қатысты министр жыл сайын сұранысқа ие медициналық мамандықтар бойынша білім беру гранттарының саны артып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, 2025 жылға қарай республикалық бюджет есебінен гранттар саны 2000-ға дейін және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1500-ден астам грант ұлғайтылатын болады.

– Медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Шымкент қаласына 2022 жылы резидентураның 6 мамандығы бойынша 87 білім беру гранты бөлінді. Бүгінгі таңда оңтүстік мегаполистің Денсаулық сақтау жүйесінде 4 964 штаттық бірлік жұмыс істейді, оның ішінде 3,5 мың тәжірибеші дәрігер. Бұл ретте дәрігер кадрлардың тапшылығы 185 штаттық бірлікті құрайды, – деді Е.Серкебаев

Бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған, халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту мәселелерін қозғай отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға толықтырулар енгізу туралы хабарлады, ол МӘМС жүйесіне 12 ай бұрын МӘМС жарналарын төлеу арқылы кірудің балама тәсілін енгізуді, өткен кезеңдегі берешекті жоюды ұсынады. Бұл норма жоспарлы медициналық көмектің кең тізбесін кедергісіз алуға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындары мен қоғамдық белсенділер министрге қала емханаларындағы арнайы мамандарға қол жеткізу, мүгедектікті тағайындау, МӘМС жеңілдік санаттарын қамту, балаларды емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді жолдады.

Қала тұрғындарының бірі, мүмкіндігі шектеулі жас жігіт МӘМС аясында оңалту көмегінің қолжетімділігі мәселесін көтерді. Сондай-ақ, қала басшылығына мүгедектер үшін кедергісіз орта құруға қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Сауал қойған жігітке министр өзінің кеңесшісі қызметін ұсынды
Министр жүгінген азаматтың диагнозы бойынша қалпына келтіру емі мүмкіндігін қарастыру бойынша жедел тапсырма берді. Сонымен қатар, жас жігіттің тыңғылықты сөзін мұқият тыңдаған Ажар Ғиният оны денсаулық сақтау министрінің мүмкіндігі шектеулі адамдарға медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымына орналасуға шақырды.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда, бұл ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге қатысты мәселелер көтерілді.

«Денсаулық сақтау жүйесіндегі белгілі жетістіктермен қатар, бірлескен күш-жігермен шешуді қажет ететін міндеттер де бар. Біз бәріміз қоғамдағы медиктер рөлінің маңыздылығын түсінуге, өз денсаулығымыз үшін ортақ жауапкершілікті танытуға, сол арқылы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға тиіспіз», – деп Денсаулық сақтау министрі кездесуді қорытындылады.