«ЫНТЫМАҚҚА» ЖАРҚЫРАҒАН ЖОЛМЕН БАРЫП КЕЛЕСІЗ
-
Шымкент қаласы, Абай ауданы
Келесі жылы емес. Биыл. Жылдың соңында. Қазіргі таңда А-2 автомобиль жолында құрылыстың ІІ кезеңі қызу жүріп жатыр. Нақтылап айтатын болсақ, құрылысшылар сақина типті жолайрығын салуда. Ұзындығы 2,48 шақырым болатын бұл жол Ынтымақ шағынауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты жалғайды. Жалпы жоба бойынша жолдың ені 30 метр 4 жолақты. Екі жағында ирригациялық жүйе болады. Көк желек , аяқ жол, сәнді жарық шамдар сап түзеп тұрады. Жоспар бойынша құрылыс нысаны осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілу керек.
Сақиналы жолайырық Барыс базарының маңында да болады. Қазір сол маңдағы жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмыстары жүруде.Бұл құрылыстың үшінші кезеңі.
А-2 жолының IV кезеңінде Темірлан тас жолынан Бадам өзені көпіріне дейінгі жол қайта құрылымдалып, жөнделеді. Ұзындығы 1,86 шақырым. Автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жоба осылай жасалған. Ирригациялық жүйе мен жасыл желек отырғызылып, жолаяқ салу қарастырылған. Бүгінде жұмыстың қырық пайызы орындалды дейді мердігер компания. Жыл соңына дейін қолдануға береміз деп отыр.
Бұл аумақта да жерді мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмыстары жүргізлуде. Бүгінге дейін 47 жер телімінің 9-ы қайтарылған. Сондай-ақ, жолдың бір жақ бөлігінде жер негізін жасау жұмыстары атқарылып жатыр.
ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНДЕ ЖҰМЫС ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?
Жұмыс барысын Қала әкімі М.Әйтенов тексеріп қайтты. Жұмыстың І кезеңі Шымкент сити шағынауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Жолдың ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 метр. 4 жолақты. Қазір жерді сәйкестендіру және қысымдау жұмыстары атқарылуда.
Жол құрылысының екінші кезеңі Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығында жүреді. Бұл жолдың ұзындығы – 0,970 шақырым, ені – 23,5 метр. Екі кезеңнің жұмыстары қатар 2021 жылы басталған. Жоспар бойынша 2023 жылы пайдалануға берілу керек.
Жаға жол пайдалануға берілгенде Бәйдібек би даңғылы бойындағы көлік қозғалысы едәуір жеңілдейді.
OpenKZ-АҚПАРАТ