ЭНЕРГЕТИКТЕР ФОРУМЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында ардагер энергетиктердің  халықаралық форумы өтті.  Қазақстанның электр машина жасаушылар қауымдастығы мен Қазақстан ардагер энергетиктер Кеңесі ұйымдастырған жиынға  Қазақстан және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты ТМД елдерінің ардагер энергетиктері қатысты. Сондай-ақ, форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары мен аймақтық электр желілері компанияларының басшылары келді. 

Форумда саланың бірқатар өзекті мәселесі талқыланды. Атап айтқанда: электр энергетика инфраструктурасының (электр жүйесі, күш трансформаторлары, станциялар, қосалқы станциялар т.б.) тозуы, электр энергиясы тапшылығының басты себептері, жаңа қуаттардың жеткіліксіздігі сөз болды. Елмізде қуат тапшы,  электр желілерінің 80 пайызының тозығы жеткен. Осыған байланысты, Президент биылғы Жолдауында  үкіметке оны кем дегенде 15 пайызға дейін азайтуды тапсырды. Бүгін Шымкенетте энергетиктердің форумы болып, онда осы мәселелерді шешу жолы қарастырылды. Энергетиктер мұндай олқылық бұл мәселеге дер кезінде көңіл бөлінбеуінен орын алды деп есептейді.

Осы тұста Қазақстан электр машина жасаушылар қауымдастығы өкілдері  ескі трансформаторларды  жаңасына ауыстыруда импортқа ұрынбауды ұсынды. Өз елімізде де электр жабдықтарын әзірлейтін  өндіріс орындары мен замани технологиялар жетерлік дейді олар. Мәселен, Шымкент қаласындағы «Азия Трафо» ЖШС – «Alageum Electric» электр жабдықтарын шығаратын отандық өндірушінің құрамына кіретін, Орталық Азиядағы трансформаторлық жабдық шығаратын ең ірі зауыт. Зауыттың негізгі өндіретін өніміне қуаттылығы 500 МВА-ға дейінгі кернеулі 35, 110, 220, 500 кВ класты майлы трансформаторлар мен автотрансформаторлар және реакторлар кіреді. Зауыттың жобалық қуаты жылына 12 000 МВА асады.

Сондай-ақ, энергетика саласының мамандары  қуат көзін тасымалдау ісінде ашықтық болғанын қалайды. Бұл тарифті орнықты ұстатап тұруға ықпал етпек.

Мұндай компанияларға тек қана біркелкі ереже бекітіп, сол бойынша ашықтық жасату керек. Сонда электр энергиясының аймақтардағы бағасы түседі деп ойлаймын,-дейді Қазақстан электр машиналарын жасаушылар қауымдастығының төрағасы Еркебұлан Ілиясов.

Басқосуда, сондай-ақ, энергетика саласындағы өзге де қиындықтар да сөз болды. Оның бірі электр жабдықтарын жасауға қажетті шикізаттың жоқтығы. Елімізде мыс пен алюминий өндірілгенімен одан  сым шығарылмайды. Изоляциялық материалдар да өзге жақтан әкелінеді. Сондай-ақ әлемедегі геосасяи ахуалға байланысты логистика мәселесінде де қиындықтар туындаған. Осы айтылған мәселелерге байланысты форум соңында қарар қабылданды. Электр машина жасау саласына еңбегі сіңген ардагер энергетиктер «ҚЭА ардагер энергетик» белгілерімен марапатталды.