«ЭТНО ШЫМКЕНТ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Ішкі және сыртқы туризм саласында этнографиялық туризмнің алатын орны ерекше. Халықтың тарихы тек жазба мәліметтерінде ғана емес, сонымен қатар, халықтың салт-дәстүрінде, қоршаған ортаға деген көзқарасымен діни сенімінде, еңбек құралдары, киімі, тарихы, аңыз әнгімелері, жыр дастандары көрініс тауып сақталады.

Жалпы, этнографиялык туризм – белгілі бір халықтын өмірімен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен және тұрмыстық ерекшелігімен танысу. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, туризмнің бұл түрі адамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Этнографиялық туризмді ұйымдастыру кезінде маңызды мәселе­ – турға қатысушыларды әртүрлі этностардың салт-дәстүрлерімен және мәдениетімен таныстыру.

Ұлттық мәдениет, салт-дәстүр мен қолөнер бұйымдарын кеңінен таныстыру мақсатында Шымкент қаласында «Этно Шымкент» фестивалі өтті.  Рензе Костер бүгінгі фестивальге отбасымен бірге келді. Голландиялық азаматтың Шымкентте тұрып жатқанына төртінші жыл. Мектепте ұстаздық ететін ол қазақтардың салт-дәстүрі, өнері мен мәдениетін терең білуге құштар. Бүгінгі фестивальде әсіресе қолөнер шеберлерінің бұйымдарына қатты қызыққанын айтады.

Арнайы нәрселер ұнады. Фигуралар әдемі. Менің 4 балам бар.  Олардың барлығын да осында алып келдім. Қазақ мәдениеті, өнері қандай екенін білуіміз керек. Мұның бәрі танымымызды кеңейтеді. Әрі қызықты нәрселер,- дейді Рензе Костер.

         Киіз басу, домбыра жасау, бесікке салу, тұсаукесер, қыз ұзату. Шетелдік саяхатшылар мен қала тұрғындары бүгін осындай ұлттық салт дәстүрлерге қанықты. Шымкент жайлы фото және кітаптар көрмесін қызықтады. Құрт, қымыз және көже  секілді ұлттық тағамдардың қалай   әзірленетін көрді.

 Туризм өзіңді өзгеге таныту. Ең бастысы одан табыс табу. Шымкенттің туристік әлеуеті жыл санап артып келеді. Былтыр ішкі туризм бойынша Шымкентті тамашалауға 215 мың адам келген болса, биылғы 9 айдың өзінде олардың саны 300 мыңнан асып отыр.

         –Өткен жылы жыл бойына 14,500 ғана шетелдік азамат келсе, Биыл 9 айда 25 мыңнан аса турист келген. Оларға салт-дәстүріміз, мәдениетіміз ұнайды,-дейді  Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров

Шымкент бүгінгі таңда Араб елдері және түркі тілдес елдермен байланысты нығайтуда. Мегаполисте Түркияның құрметті консулдығы жұмыс істейді. Келер айда Біріккен Араб Әмірлігінің бас консулдығы ашылмақ. Сондай-ақ, биыл бұл мемлекеттерде Шымкенттің мәдениет күндері өтті.