АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!
- Шымкент қаласы, Абай ауданы

«Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің» МКҚК «Хакім Абай» музейінде 25-сәуір күні қазақ халқының ақыны, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайды оқы, таңырқа!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент қаласы өкілдігінің басшысы, жазушы, тарихшы, шежіреші М.Әбдәкімұлы, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к., абайтанушы Н.Нүрпейісов, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы-журналист З.Қыстаубайұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университетінің «Абайтану» ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент С.Д.Өмірзақов, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Б.Каршалов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты Т.Төрегелдиев, Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің басшысы Қ.Дүйсенби, Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист, ақын, жазушы Ф.З.Жүнісова қатысты.
Дөңгелек үстелді «Хакім Абай» музейінің меңгерушісі Жанар Шамшидинқызы Уркинбаева құттықтау сөз айтып ашты.
Жиын модераторы Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент қаласы өкілдігінің басшысы, жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлы жүргізіп отырды. Дөңгелек үстелде Абайдың өмірі мен шығармашылығы, рухани мұрасы мен ұлттық сана және Абай шығармашылығы тәрбие құралы болу керек екендігі айтылды. Сонымен қатар, «Хәкім Абай» музейімен тығыз байланыста болып, өскелең ұрпаққа Абайдың «Толық адам» ілімін ғылыми түрде насихаттап, бұл шаралар жастар мен ғалымдар мен зерттеушілер арасында ілімді терең түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының сирек кездесетін басылымдарынан арнайы көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме қазақ әдебиетінің алтын қазынасына тереңірек үңіліп, Абай мұрасының құндылыған насихаттауға бағытталған.