Абайла, арандататын ақпараттар бар

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Ақпарат тасқыны аласапыран.Соның ішінде ақпарат алмасу, алудың ең тиімді әрі танымал көзі Ғаламтор болып тұр. Ғаламторды қарапайым адамдар ғана тұтынбайды, олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, бизнесмендер, коммерциялық ұйымдар да бар.Қоғамдағы барлық саланың өкілін оп-оңай тауып алуға болады.Сондықтан да керек еткен ақпаратымызды іздеп сабылмаймыз, газетте ақтармаймыз, кітапхана да жағаламаймыз. Еліміздегі ғана емес әлем жаңалықтары қолымыздағы алақандай ғана құрылғыға сыйып тұр. Ашамыз, іздейміз, көреміз, оқимыз. Көз алдыңызда самсап тұрған ақпараттар теп-тегін. Төлемді  қажет етпейді. Алдымыздан тіпті іздемеген ақпараттарымызда шығып жатады. Бір күннің ішінде қанша ақпарат аламыз және оның қайсысы пайдалы, қайсысы пайдасыз немесе маған керек пе, жоқ па деген сауалдарды өзімізге қою туралы ойланып та  көрмейміз. Уақыт жоқ. Керек ақпарат табылды табысымызды молайттық немесе біз үшін пайдалы болды , болды. Осы жерде ертелі-кеш алдымыздан бір сауал шығады. Ол біз алып жатқан ақпараттар қаншалықты сенімді,шынайы деген сұрақ. Бір танысыңыз адасты, біріңіздің туысыңыз теріс жолды таңдады, бір жолдасыңыз алданды, балаңыздың мінезі өзгеріп барады….

Сонымен ғаламтордағы ақпараттың шынайылығын қалай анықтауға болады және оған сенуге бола ма?

Сенуге болады, бірақ тексеру керек.

Ақпаратты қалай тексереміз деген сауалға жауап

  1. Материалдың ақпарат көзін тексеру

    Кез-келген шынайы және статистикалық мәліметтерді таратқан ақпарат көзі болады.Сол ақпарат көзіне кіріп пайдаланғалы отырған ақпаратыңызды тағы бір тексеріп алыңыз.

    Керек ақпаратыңызды басқа да ақпарат көздерінен іздеп көріңіз

    Шындықты білу үшін немесе шынайы ақпарат беру үшін  салыстыру ең тиімді әдістердің бірі. Бір ақпараттың бірнеше сайтта бірдей бұрмаланып берілуі мүмкін емес.

    3. Жарияланған ақпараттың сілтемесі бар ма, жоқ па? Назар аударыңыз.

    Материалды бір сайттан бірнеше сайттар көшіріп басса бұл дұрыс белгі. Аталған сайтқа сенім бар деген сөз. Егер ғаламторда алып отырған ақпаратыңызға сілтеме көп жасалса бұл ақпараттың пайдалы болғаны.

    4. Сайттың рейтингісі мен мәртебесіне қараңыз

Алып отырған ақпаратыңыздың шынайы екенін анықтайтын қарапайым тәсіл ақпарат орналасқан сайттың мәртебесі. Танымал интернет ресурстар өзінің рейтингісі үшін жұмыс істейді, күмәнді ақпараттарды сенсация үшін жарияламайды. Сайттың танымалдығын «Рамблер»  «Яндекстің» рейтинг жүргізетін арнайы жүйесіне кіру арқылы анықтауға болады. Мұнан өзге ақпараттық ресурстың бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелген куәлігі болса, ресми сайттар болса ондағы ақпараттардың шынайы екендігіне кепілдік бар.

Әдетте, біз ойды бұзатын ақпараттарға білім іздеп отырып тап келеміз. Ондай ақпараттар айқын мақсатқа негізделгендіктен құрылым жағынан еліктіріп, тартымдылығымен көзді арбап тұрады.

Керексіз білімді қалай тануға болады?

Ақпарат неғұрлым тез оқылса, соғұрлым пайдасыз. Әлеуметтік желіні ақтаруға он минутымды бөлемін дейсің де, бір-екі сағаттың қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Неге? Өйткені парақшаңды аштың екен  оңай оқылатын, жағымды ақпараттар өріп шығады. Біреуді құттықтайсың, біреудің суретін көресің, біреуге көңіл айтасың, біреудің сөзі қызық көрініп кетеді, біреулер дауласып жатады, не дейді екен деп оны ақтарасың. Уақыт осылай өтеді де кетеді.  Көрген ақпараттарыңыздың сізге қандай пайдасы болды? Осы сұрақты өзіңізге қойып көріңізші. Жауап жоқ. Ал, зияны болуы әбден ықтимал. Мамандардың зерттеуінше , теріс ағымның насихаттаушылары өз насихаттарын өте тез оқылатын, оқылған сайын санаға сіңетін тәсілдермен жүргізеді, жеңіл сөздермен жеткізеді, тек қана жағымды сөздерді пайдалану арқылы,ішкі сезіміңіздегі қайшылықты тауып, қамқор көңілмен көңілге мұқтаж бос кеңістікті толтырады.