АВТОБУСТА ЖАҢА ЖҮЙЕМЕН ТӨЛЕМ ЖАСАЙ АЛАСЫЗ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Енді Шымкенттің қала ішінде жүретін автобустарында жаңа төлем жүйесімен жолкүре төлей аласыз. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының фейсбуктегі ресми парақшасы таратқан мәліметте жаңадан қойылып жатқан электронды билеттендіру жүйесін орнату себебі ретінде қолданыстағы электронды билеттендіру жүйесінде туындаған мәселелерді шешу және бәсекелестік орта қалыптастыру мақсаты көзделгені айтылған.

Бұл жобаға жеке инвестор «SmartMobility» ЖШС қызығушылық танытып, өз есебінен «Avtobus» бағдарламасын әзірлеген, және қоғамдық көліктерге өз валидаторларын орнатуға кіріскен. Қазіргі таңда, «Shymkent bus» БК» ЖШС тасымалдаушы мекемесіне тиесілі 35 бағыттағы автобустарға жаңа жүйе орнатылып, қолданысқа енгізіліп отыр.

Айта кететін нәрсе, жолаушылар жаңа жүйемен төлем жасау үшін тағы да жаңа карта алудың қажетті жоқ. Қазіргі қолданыстағы «Tolem» картасымен жолақысын төлей беруге болады.

Қазіргі таңда Шымкентте тұрақты 77 қалалық маршрут бойымен 940 автобус қызмет көрсетіп жатыр.