АГЕНТТІК АТЫН ЖАМЫЛҒАН ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
- Шымкент қаласы, Қаратау ауданы

Дәл осындай хабарламамен Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертіп, сақ болуға шақырады. Бұл жайында @afm_rk телеграм арнасында ранайы хабарлама жарияланып отыр. Бұл хабарламада алаяқтар азаматтардың жұмыс орындарында, көбіне орта және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерде – тексеріс жүргізіліп жатқаны туралы жалған хабарламалар таратып, құжаттарды ұсынуға және «ынтымақтастыққа» шақыратыны айтылған.
Алаяқтар сенім ұялату үшін бұл хаттар Қаржылық мониторинг агенттігінің жалған логотиптері бар жалған бланкілерге басылып, жалған мөрлермен бекітіп отырады. Кейін олар өзін Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға хабарласып, банк шоттары туралы мәліметтерді алдап алуға тырысады.
Сондай-ақ, жалған Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері мессенджерлер арқылы азаматты тексеріліп жатқан тұлғалар тізімінде бар деп хабарлап, ақша бопсалау жағдайлары да тіркелген.
Азаматтардың шағымдарында жиі қайталанатын алаяқтардың тегі: «Мыктыбаев», «Хамзин», «Жалимов», «Жалимбетов» болып келеді екен.
Қаржылық мониторинг агенттігі ресми түрде хабарлай отырып, агенттік:
-мұндай тексерістер жұмыстарын жүргізбейді;
-алдын-ала ресми хабарлама жібермей телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды;
-жеке тұлғаларға телефон шалмайды;
-ақша аударуды талап етпейді;
-тек заң аясында әрекет етеді.
Осыған орай, Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің азаматтарын мұқият болуға, арандатушылық пен алаяқтардың айласын елемеуге шақырады.
Күмән туған жағдайда, 1458 нөмірлі Call-орталығына немесе +7 (727) 279-20-86 нөмірі бойынша кезекші бөлімге дереу хабарласу қажет.