АГРЕССИЯНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Агрессия – бүгінгі таңда қоғамда ең көп талқыланып жатқан тақырып. Агрессивтік мінез-құлық басқа адамға өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануы. Мұндай қасиет адам бойында қалай қалыптасады, одан сақтану және онымен күресу жолдары қандай? Бұл туралы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы, ғалым, философия докторы Байділлаева Ақмарал Қаржауқызымен сұхбаттасқан болатынбыз.

 

Сұхбаттың жалғасы:

 

– Агрессия – бұл норма ма? Нормаға айналуы қауіпті емес пе?

Қазіргі контекст тұрғысынан  фрустрацияның, яғни қалаған нәрсесіне қол жеткізе алмау тұрғысынан  норма деуге келетін шығар. Бірақ  агрессияның өзін ешқашан норма деуге болмайды. Агрессия өз алдына норма емес.  Оны реттейтін елімізде заң нормалары, ережелері бар.

– Белгілі бір қоғамда, мемлекетте агрессия қандай кезде өршуі мүмкін?

Бұл жерде өте көп факторлар бар. Экономикалық, әлеуметтік, психологиялық факторлар бар. Біз бүгінде әлеуметтік желі арқылы бір күнде табысқа жеткен, мүмкіндігі мол, шетелде қыдырып, демалып, қалаған дүниесіне қол жеткізіп жүргендер туралы жиі естиміз. Көреміз.  Ол нәрсе қатты дәріптеліп, насихатталып жатыр. Бірақ бұл топ халықтың басым көпшілігі емес қой. Басым көпшілік оларды көріп, қызығып отырады да өзінің мұндай деңгейге жете алмағанына ашынуы мүмкін. Және өзін дәрменсіз сезінген кезде агрессиялық жағдайлар болуы ықтимал. Бұл жерде ұлттық тәрбие, салт-дәстүр мәселесі өте үлкен роль ойнайды. Бүгінгі таңда ескіліктен келе жатқан салт-дәстүрлердің кейіндеу қалып бара жатқанын байқаймыз. Қазіргі буында салыстырмалы түрде алсақ мүмкіндіктер көбірек. Ал оларды көптеген нәрседен шектеудің өзі де агрессияға алып келеді.

– Енді осындай агрессивті мінез-құлықты, жүріс-тұрысты азайтудың жолдары бар ма? Онымен қалай күресеміз? Қалай сақтанамыз?

Бұл жерде адамдардың саналық деңгейінің артуы өте маңызды. Және әрбір адам өз жауапкершілігін, есею деңгейін, этикалық нормаларын өзі анықтауы керек. Қоғам тарапынан бұл мәселені талқалып жатқанымыз өте жақсы. Әлеуметтік резонанс көбімізге ой салды. Сыни ойлау арқылы біз бұл мәселелердің шешімін табатын шығармыз деген ойдамын. Иә, агрессорлардың іс әрекетіне байланысты құрбандар, қайғылы жағдайлар болып жатыр. Бірақ қоғам осы нәрсеге назар аудара бастады. Бұл дұрыс тенденция.

 

Жалғасы бар.