АДАЛ АЗАМАТ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Қожабекованың бастамасымен Түркістан облысындағы Ордабасы, Отырар, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласында дөңгелек үстел өтті. «Адал азамат-мемлекет тірегі» тақырыбындағы басқосуға аталған аймақтардағы үкіметтік емес ұйым өкілдері және жастар ресурстық орталық өкілдері қатысты.
Келелі басқсоуда Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Кожабекова бірқатар маңызды мәселеге тоқталды. Ол өз сөзінде:
– Аға буын азаматтарды адал ұрпақ тәрбиелеу ісіне өз үлестерін қосуға шақтырды. Өйткені өмірлік тәжірибеге бай, санасы әбден толысқан ересек буынның өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне қосар үлесі ересен. Жастардың кез келген ортада өзін тәртіпті, тәлімді ұстауы, бойында өзгелермен ізетті қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы қоғам үшін аса маңызды. Сондай-ақ оларды адалдыққа, білім-ғылым үйренуге, еңбекқорлыққа, Отансүйгіштікке шақыру .лкендердің паразы саналады,-деді ол.
Іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысының “Адал азамат” идеясының қоғам үшін маңыздылығына тоқталып, бұл мәселеге қатысты өз ұсыныстарын айтты. Наталья Кожабековаға өз алғыстарын білдіре отырып, алдағы уақытта адам құқығы саласында Өкілдікпен бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендерін айтты.
Өкіл ауқымды іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен Түркістан облысы Азаматтық альянсының төрайымы Инара Әбдіғаппарқызына алғысын білдіреді. Осындай басқосулар алдағы уақытта Түркістан облысының өзге аймақтарында да жалғасын таппақ. Ағымдағы жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі халықты ақпараттандыру және құқықтық ағарту бойынша ауқымды науқан аясында өңірлерде бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлауда. Негізінен ұрпақ тәрбиесі және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге баса назар аударылмақ.
+